«ЕХРО 2017» халықаралық Көрмесінің бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес және Сараптама комиссиясының төрағасы Стин Кристенсен бүгін Астанада бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен жүздесті...

«ЕХРО 2017» халықаралық Көрмесінің бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес және Сараптама комиссиясының төрағасы Стин Кристенсен бүгін Астанада бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен жүздесті. Шетелдік меймандар халықаралық көрмені талапқа сай өткізу үшін алдын ала жасалып жатқан әзірлік шаралары жөнінде әңгімеледі. «ЕХРО 2017» көрмесін ұйымдастыру үшін  Қазақстан мен Бельгия бәсекелес. Егер сараптау  комиссиясының назары Астана қаласына түссе, қазақ елінің ауқымды шараны өткізуге мүмкіндігі мол.  Ол үшін қазірдің өзінде Елорда жанынан 120 гектар жер бөлінген. Құрылыс нысандарын салу үшін 1 жарым миллиард доллар жұмсалады.

Висенте Гонсалес Лоссерталес, халықаралық Көрмелер бюросының бас хатшысы:
Халықаралық көрмені жоғары деңгейде өткізу үшін сараптау комиссиясы жан-жақты жұмыс істеп жатыр. Қорытынды шешім осы жылдың қараша айының соңында белгілі болады. Ауқымды шара өткізілетін жердің барлық ерекшеліктері ескерілетін болады.
Сондай-ақ,  бүгін шетелдік меймандарды Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин қабылдады. Ол Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан қоғамның барлық саласында зор жетістіктерге қол жеткізгенін және ауқымды іс шараларды әлемдік деңгейде өткізуде үлкен тәжірибесі бар екендігін атап өтті. Кездесуде Мәжіліс төрағасы халықаралық көрменің жүзеге асуын қолдайтынын, әрі оған ықпал етуге әрқашан әзір екендігін білдірді.

Оцените пост

0
Дальше