5344
10
0
7

«Қазаққа жат мереке» деп жүрген күні, яғни 14 ақпанда еліміздің музыка сүйер қауымы кезекті Jazzystan фестивалін асыға күтті. Біз де бұл шарадан қалмай, фотоаппарат пен диктофонымызды ала салып, ...

«Қазаққа жат мереке» деп жүрген күні, яғни 14 ақпанда еліміздің музыка сүйер қауымы кезекті Jazzystan фестивалін асыға күтті. Біз де бұл шарадан қалмай, фотоаппарат пен диктофонымызды ала салып, мәдени шараға асықтық. Бұл жолы Рустам Оспанов бастаған ерекше фестиваль «Қазақстан» қонақ үйінің ғимаратында өткізілді.

Фестиваль басталмай тұрып, холлда сатылып жатқан әсем handmade жұмыстарына көзіміз бірден түсті. Бұл әшекей бұйымдардың дизайнері Әсел Хожа екен.

Музыка мерекесіне келген жандар ерте жиналып, Soul, Jazz, Latin & Brazilian Music сияқты сүйікті әуендерді асыға күтті. Өнер де жас талғамайтын болар, концертке жастар да, кішкентай балалар да, үлкен кісілер де келген болатын.

Ең бірінші болып, сахнаға алматылық “SOME TOIR" атты топ шықты.

Бұл топ 2011 жылдың басында құрылса да, дәл қазір көптеген тыңдарманға ие. Бір сағат бойы өз концертін орындап шыққан топтың солисті Таир біздің сұрақтарға былай деп жауап берді:

- Таир, сіздің Jazzystan-нан алған әсеріңіз?

- Бұл фестивальді жақсы көремін. Себебі оның ұйымдастырушысы - досым Рустам Оспанов. Оның батыл шешімдеріне, тәуекелділігіне қайран қаламын. Фестиваль өткізу орнын, демеуші, музыканттарды тауып алу, келісу жағдайларын әрдайым сәтті шешіп отыратынына таңданамын. Фестивальге әрдайым елімізге белгісіз дарынды музыканттар қатысып жатады. Сондықтан да, Рустамды музыкатанушы десек те болады.

- Сіздерді кейде алматылық топ дегенге сенбей жатады. Неге?

- Иә, расында солай. Біз оған тек қуанып қана қоямыз. Өйткені біз жергілікті нарыққа жат топпыз, яғни шетелден келген музыканттар деп жатады. Мүмкін ағылшынша ән айтқанымыздан да болар.

«Сом Тойерге» сәттілік тілеп, әрі қарай кеттік. Jazzystan-ның сыры неде, фестивальдегі музыка несімен ерекшеленеді деген мәселені ашуға тырысып,көрерменді әңгімеге тарттық.

Рустам мен Томирис

- Сәлем, Jazzystan-ға бірінші рет келдіңдер ме?

- Иә, бірінші рет келдік.

- Бұл шара жайлы қайдан естідіңдер?

- Интернеттен. 14 ақпан күні бір жерге барғымыз келіп, осы шараны тауып алдық. Жалпы, бізге джаз музыкасы жақын.

Аида

- Сәлем, Jazzystan-ға бірінші рет келуің бе?

- Иә, бірінші рет. Алайда, бұған дейін фестиваль жайлы көп нәрсе естігенмін. Бүгін осы шараны өз көзіммен көруге сәті түсті.

- Бұл шара жайлы қайдан естідің?

- Таныстарымнан, интернеттен. EnergyFM тыңдап жүремін, онда да шара туралы көп мағлұмат берді. Менің ойымша, ең бастысы - сапалы музыка, бүгін адамдар сол үшін жиналған. Кешке өзімнің досыммен келдім. 14 ақпан күніне өзімізге осындай сыйлық жасадық.

Әлихан

- Сәлем, Jazzystan-ға бірінші рет келуің бе?

- Жоқ, екінші рет келіп тұрмын. Көктемде фестиваль Алматы Тауэрста өткенде болған едім.

- Фестивальдің музыкасы жайлы не айта аласың?

- Маған өте ұнайды. Өзім музыкант болғаннан соң, мұндай шараларды жібермеуге тырысамын. Стилі жағынан Джазистанның әуені маған өте жақын.

Нұрлан Төреханов

- Сәлеметсіз бе, кеш ұнап жатыр ма?

- Әзірше білмеймін, енді басталып жатыр ғой.

- Jazzystan-ға қаншасыншы рет келуіңіз?

- Санамаппын да. Болған сайын келе беремін.

Жеңісхан

- Jazzystan-ға қаншасыншы рет келуіңіз?

- Бірінші рет емес, уақыт болғанда, құдай жолын салғанда келіп тұрамын. Өзімнің музыкалық бағытыма жақын, керек дүние болғаннан соң, келіп тұруға тырысамын.

- Бұл шара жайында қайдан естідіңіз?

- Өзіміздің қазақстандық джазмэндердің кештеріне жиі барып тұрамын. Осындай жоғары деңгейдегі джаз фестиваліне қатыспай қалу мүмкін емес.

Кешті Лондоннан келген "Reel People Sound System" атты топ жалғастырды.

Өзіміздің миссиямызды орындап, соул мен джаздың тәтті әуеніне құлшына кіріп кеттік. Төменде Илья Постниковтың суреттерін тамашалай аласыздар.

Джаззистанға барып келген Айжан Кәрібаева

мен Жансая Имандасова

Ad

Rate post

7

Comments

Login to comment