• 24145
  • 1
  • 2
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Ақпараттық портал және блог

                                                                  Ақпараттық портал және блог

Портал - бұл білім беруге  бағытталған ақпараттық кітапханалық орта болып табылады және де бұл ұғымның пайда болуына Internet технологиясының дамуы өз септігін тигізді. Жалпы тілмен айтқанда интернет-портал көптеген қолданушыларға түрлі қызметтер ұсынатын веб – сайт. Портал үш негізгі функцияларды жүзеге асырады: басқару, ақпараттандыру және бөлімдер бойынша ақпаратты ұсыну.

Порталды технология деп отырғанымыз бірыңғай ақпараттық кеңістік дамуы мен ақпараттық ресурстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін құрал.

Портал – бұл шапшаң қатынау қасиетіне ие желілік телекоммуникациялық торап болып табылады. Алғашқы ақпараттық порталдар 1994-1995 ж.ж. шыға бастады, бұған себепші болған Интернет желісіндегі коммерциялық сайттардың пайда болуы болды. (мысалы Yahoo, AltaVista, Lycos және т.б.). Телекоммуникациялық технологиялардың дамуымен мұндай жобалардың қоғамдағы ролі де өсті. «Портал» термині негізінен 1998 жылы корпоративті ақпараттық портал жөнінде баяндама жасаған Merrill Lynch компаниясымен тікелей байланысты. Ол баяндамада ішкі және сыртқы желілерде орналасқан  Web-браузер көмегімен ақпараттарға қатынауды қамтамасыз ететін қолданбалы программалар дестесі  қарастырылған болатын.

Қазіргі кездегі интернет-порталдар - бұл күрделі желілік ақпаратты-технологиялық кешен болып табылады және де олар анықтамалық, аналитикалық, коммуникациялық, білімдік және басқа да ақпараттық қызметтер атқаруға бағытталған.

Портал дамуының түрлі жолдары бар. Көптеген қазіргі кезде әлемге әйгілі мегапорталдар, мысалға Yahoo, Lycos және т.б. алғашқысында жай ғана іздеу тетігі болып құрылды, бырақ уақыт өткен сайын қолданушыларға ақпараттарды құрылымды түрде жеткізу мүмкіндігіне ие болып қосымша қызмет, яғни электрондық пошта және т.б. қызметтерді жүзеге асыратын болды. Қазіргі кезде мега-порталдармен электронды медиа-компаниялар тығыз байланыста. Соның нәтижесінде мегапорталдар дәстүрлі медиа- ақпараттарды жеткізуші бір арна болып есептеледі.

     Ақпараттық портал дегеніміз – белгілі бір мазмұнды ақпараттың көп мөлшерімен және көп кіретіндігімен ерекшеленетін үлкен сайт. Әрбір ақпараттық порталдың маңызды бөлігі – ол оның бағыты.

        

     Ақпараттық порталдар келесі мүмкіндіктерді оқырмандарға ұсынады:

-         бір ақпараттық жүйеде бірден бірнеше БАҚ ұйымдастыру;

-         таратушы сервистер мен жаңалық форматтарының жаңартылуы;

-         мақалалар, жобалар мен жаңалықтарды талқылаудың қосымша мүмкіндіктері, сонымен қатар редакциямен қарым-қатынасын жеңілдету;

-         жарнама акцияларын интерактивті сервистермен басқару және жарнама орындарын қолдану жөніндегі есеп;

-         жарнаманың жаңа мүмкіндіктері, негізгі беттегі қорлар мен мазмұнды рубрикаларда орналасқан иллюстративті жаңалықтар мен баннерлер санының көбеюі.

     Блог (ағыл. blog, web log сөзінен шыққан және интернет-күнделік, онлайн-күнделік, интернет-журнал жаңалықтары деген мағынаны білдіреді) – бұл веб-сайт, текст, бейне немесе мультимедиасы бар жиі енгізілетін жазба.

     Блог туралы ғаламторда жазылғандарды жинақтасақ: блогтағы хабарлар хронологиялық тәртіпте орналасады; блогты негізінен бір адам, бірінші жақтан жазады; блогта автор басқа сайттарға сілтемелер жасайды; блог жиі жаңарып тұрады; блогтағы хабарларға пікір қалдыруға болады; блог арқылы оның авторы туралы көзқарас қалыптастыруға болады; блогты негізінен әуесқойлар (олардың арасында кәсіби журналистер немесе ақын-жазушылар да бар) жүргізеді; блогтарда түрлі мәтіндер, фотосуреттер, аудио, видео болуы мүмкін. Қазіргі таңда қазақша блог жасаушылар blogger.com және wordpress.com сайттарына тіркелу арқылы жеке блогтарын ашады. Блог ашу тегін және блогты сіз өз қалауыңызша өңдеп, түрлі суреттер, мәтіндер, бейнежазбалалар орналастыра аласыз. Егер сізге аталған сайт блог ашуға тегін берген орын жетіңкіремесе, материалдарыңыз сыймаса, блогыңызды ақылы түрде кеңейте аласыз. Бірақ блог бастағыңыз келсе, ағылшын тілін білуіңіз керек. Өйткені блогты ашу туралы ақпараттардың барлығы дерлік ағылшын тілінде. Сондықтан бүгінгі таңда ең өзекті мәселенің бірі Қазақстанда интернетке қосылу мәселесін, қазақша сайттарды, блогтарды дамытуды, олар туралы ақпаратты таратуды дұрыс жолға қою маңызды болып отыр.

 

Блог тарихы

     «Washington Profile» газеті бірінші блог бетті ашқан Тим Бернерс-Ли деп санайды. Ол 1992 жылдан бастап жаңалықтар жариялаған. 1996 жылы Блогтың кең ауқымды таралуы басталды.

     1999 жылы тамызда «Pyra Labs» компьютерлік компания Сан-Францискода «Blogger» деген сайт ашты. Бұл бірінші тегін блогты қызмет еді. 2003 жылдың ақпанында Google компаниясы «Blogger» сайтын сатып алады.

     2004 жылы Apple компаниясы блогерлерді сотқа береді. Олар компанияның әлі ресми түрде жарияламаған жаңа тауары туралы жазған екен. Компания ақпараттың тарап кету көзін анықтасын деген екен, бірақ 2 жыл өткен соң ұтылады. 2006 жылы сот журналистер сияқты блогерлерге де ақпарат көздерін таратпау туралы заң қолданылады.

Блогтың ақпараттық порталдардан айырмашылығы:

  1. Дербестік

     Блогта адам өз ойын эмоционалды түрде жазуы мүмкін, осының нәтижесінде адамдармен диалог жүргізіледі. Ал ақпараттық порталда қатаң түрде, іскери қатынас түрінде жүргізіледі.

  1. Жаңару

     Блогта ақпараттық порталға қарағанда жаңару бірнеше есе көп жүреді. Себебі, блог жүргізуші адам әр түрлі мазмұндағы идеясын оқырмандарға ой бөліседі, яғни қуанышымен, қайғысымен, проблемаларымен ой бөліседі.

  1. Қарым-қатынасу

     Ақпараттық порталда әр түрлі ақпаратты жариялайды. Және ол ақпаратты талқылауға мүмкіндік бермейді. Ал блог оқырмандардың ақпаратты талқылауға бағытталған.

 
Katsha_
26 февраля 2012, 14:28
2794

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

В ближайшие годы в Центральной Азии будут проживать восемь миллионов китайцев, считает заведующий отделением востоковедения национального исследовательского университета высшей школы экономики.
kurmanovainur
23 июня 2017 / 11:23
  • 36768
  • 18
Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Изучив ошибки предшественников и собрав воедино новейшие идеи онлайн-банкинга, Kaspi Bank наконец выпустил... свое мобильное приложение!
niyazov
20 июня 2017 / 15:05
  • 8366
  • 5
Кайрат Келимбетов об азербайджанской инвестиции: «Вернется и «тело», и проценты»!

Кайрат Келимбетов об азербайджанской инвестиции: «Вернется и «тело», и проценты»!

Мы записали уникальное интервью с Кайратом Келимбетовым. Предлагаю вам посмотреть первую часть, где мы постарались по возможности поставить все точки на «I» именно по Азербайджанскому вопросу.
Zhumanova
19 июня 2017 / 12:00
  • 6008
  • 7
Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Как одним критичным постом зарубежному журналисту Джеймсу Палмеру удалось вскрыть сразу несколько гнойников казахстанского общества.
anotherblogger
21 июня 2017 / 0:39
  • 6088
  • 63
Долговое рабство: почему казахстанцы берут кредиты под 1330%

Долговое рабство: почему казахстанцы берут кредиты под 1330%

Эти кабальные займы никакой пользы для экономики не несут, при этом ухудшают финансовые возможности населения, пополняют ряды новых неплательщиков, тем самым создавая социальную напряженность в...
Armanjan
18 июня 2017 / 15:43
  • 3966
  • 28
Инфантильный миф о «молодом народе Казахстана» опасен. В 21-м веке ни у кого нет форы

Инфантильный миф о «молодом народе Казахстана» опасен. В 21-м веке ни у кого нет форы

Терпеть не могу миф о том, что мы "молодой народ, окруженный старыми нациями" и у нас еще есть время на развитие. Это чушь! Мы что - на миллион лет позже эволюционировали из обезьян?
Aks_Ras
18 июня 2017 / 10:16
  • 3250
  • 18
В Казахстане заблокировали сайт, раскритиковавший EXPO в «захолустной» Астане

В Казахстане заблокировали сайт, раскритиковавший EXPO в «захолустной» Астане

Все помнят Медузу и ЖЖ. Теперь в этот "особенный" список попал сайт Foreign policy. Предполагается, что причиной блокировки стала нелицеприятная заметка Джеймса Палмера об EXPO в Астане.
Seattle
19 июня 2017 / 15:40
В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

Недавно один знакомый задал вопрос: «Я сейчас выступаю как свидетель по одному делу. У меня забрали удостоверение личности (УЛ) в РУВД и не вернули обратно. Так можно?». Я сразу задалась вопросом...
asselsabekova
21 июня 2017 / 10:17
  • 2627
  • 10
Инструкции по сопроводительному письму и собеседованию, которые подойдут всем

Инструкции по сопроводительному письму и собеседованию, которые подойдут всем

Наткнулась на статью Ассоциации юристов Новой Зеландии, в которой они дают советы выпускникам юрфака по поиску работы. Статья меня поразила, поскольку там описано все до мелочей, а их советы подойдут абсолютно всем.
asselsabekova
20 июня 2017 / 16:10
  • 2352
  • 6