Kazakhstan-museums.com атты сайтты ресми түрде ұсынған болатын. Сайт 3 тілде жұмыс жасайды, әзірге негізгі ақпарат тек ағылшын тілінде, келешекте бұл мәліметтер қазақ және орыс тіліне толықтай аударылады. Жоба «Мұражайларды жаңғырту» бағдарламасы бойынша пайда болды. Шын мәнісінде, бұл өте тамаша идея, шетелден келген саяхатшылар былай тұрсын, өзіміз Қазақстанның қай мұражайында қандай жәдігерлер бар екенін көбінде біле бермейміз. Сайтта экспонаттардың суреттері мен тарихы, сонымен қатар, мұражайдың жұмыс тәртібі мен адресі жазылған. Әсіресе "Алжир" мен "Карлаг" секілді мұражайлар бүкіл қазақстандықтар үшін қызықты болар. Болашақта сайттағы мұражайлардың тізімі толығады деген үміттеміз.
Жоба сайттың техникалық әзірлемесі мен веб-дизайнын іске асыру үшін еліміздің талантты жастары арасында бәйге жариялаған еді, осылайша сайттың логотип авторы Елена Позднякова болып атанды. Елена қазір шетелде білім алып жатқан көрінеді, өте талантты бойжеткен.
Суретте British Council директоры Лина Милошевич пен жоба менеджері Маяй Зеделашвили жобаны таныстыруда
Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайының директоры Б.И. Сералиев сұхбат беруде
Comments