Өзіне тиесілі пәтерге қолы жетпей, әркімнің босағасында жүрген қызылордалық жетім қыздың тауқыметі жайлы Ұлттық арнадан бір емес, бұған дейін бірнеше рет айтқан едік. Қоғамдық пікір туғызған бұл...

Өзіне тиесілі пәтерге қолы жетпей, әркімнің босағасында жүрген қызылордалық жетім қыздың тауқыметі жайлы Ұлттық арнадан бір емес, бұған дейін бірнеше рет айтқан едік. Қоғамдық пікір туғызған бұл мәселені түпкілікті шешу үшін облыстық Сот актілерін орындау департаменті жергілікті сотқа ұсыныспен шықты.
Осылай деп департаменттің бөлім бастығы Нұрғали Құттыбаев бүгін біздің тілшілерімізге арнайы сұхбат берді. Естеріңізде болар, Гүлмира Алмағамбетованы өз пәтерінен заңсыз айырғандардың іс-әрекеті сотта қаралып, мәселе бұрынғы пәтер иесінің пайдасына шешілген еді. Бірақ пәтерді иесіне қайтарып алып беру үшін сот орындаушылары қайтадан сот шешіміне жүгінуге мәжбүр болып отыр.
Нұрғали Құттыбаев, Қызылорда облыстық сот актілерін орындау департаментінің бөлім бастығы:
Ондай соттың шешімі жоқ бізде - Алмағамбетованы кіргізсін деген. Атқару құжатында борышкер Балықбаеваны үйден шығару деп нақты көрсетілген. Біз қазіргі таңда сотқа ұсыныспен шықтық. Яғни, соттың шешімін өзгерту, орындау тәсілін өзгерту жайында. Яғни, талапкер Алмағамбетованы үйге кіргізу туралы. Қоғамдық пікір туғызатын жағдай болғаннан кейін біз жедел түрде қазіргі таңда соттың төрағасына шығу арқылы қысқа мерзімде жаңағы біздің ұсынысымызды қанағаттандыру туралы ұсыныс бердік. Егер де жедел түрде қанағаттандырған жағдайда біз орындайтын боламыз.

Оцените пост

0
Дальше