Бұл жоба біз үшін өте маңызды. Неге десеңіз, «Екпін» әзірге кішкентай онлайн-журнал болып көрінсе де, Ювиженның айлар бойы жоспарда жүрген, командасын жинау үшін біраз уақытын жоғалтқан, материал...

Бұл жоба біз үшін өте маңызды. Неге десеңіз, «Екпін» әзірге кішкентай онлайн-журнал болып көрінсе де, ювиженның айлар бойы жоспарда жүрген, командасын жинау үшін біраз уақытын жоғалтқан, материал дайындау барысында ондаған талантты адамдармен таныс болған жоба. Кейде, түнімен көз ілмей, біздің қолымыздан бұл келе ме, оқырманның көңілінен шыға ма, бізге сұхбат беруге келіскен адамдардың сенімін ақтай аламыз ба деп қобалжыған сәттер де болды.

Ал жобаның мақсатын бірден анықтап алдық, өйткені дарынды жастардың өмір салты, талантты тұлғалар мен өнер, мәдениет секілді тақырыптар бізге өте жақын-тын, сол себепті осыны журналымыздың негізгі тақырыбы етіп алдық.

Жоғарыдағы видеоға келетін болсақ, роликке біздің команда және де достарымыз — болашақ материалдардың кейіпкерлері түсті. Түсірген және монтажын жасаған Самсон Безмятежный.

Жобамыздың әзірге үш айдары бар:

— Мәдениет

— Әлеумет

— Мұрағат (тарихи маңыздылығы бар материалдар)

Кейін бұл айдарлар аясы кеңейіп, сіздерге қажетті бөлімдермен толығады деген үміттеміз. Ал әзірге, жаңа сайтымызға қош келіпсіз!

Оцените пост

17

Комментарии

2
Екпіндеріңіз жақсы болсын
3
Керемет бастама! Сәттілік және жетістік тілеймін!
2
Керемет! Сәттілік тілеймін :)
1
Құтты болсын!
-3
ура! Куттыктаймын!
Показать комментарии