Қазақстанның Елтаңбасы 3D форматына көшірілді. Компьютерге түскен нұсқа енді Үкіметпен бекітіліп, жаңа стандарттық нөмірге ие болуы керек. Демек, бұл іс жүзеге асса, барлық мемлекеттік...

Қазақстанның Елтаңбасы 3D форматына көшірілді. Компьютерге түскен нұсқа енді Үкіметпен бекітіліп, жаңа стандарттық нөмірге ие болуы керек. Демек, бұл іс жүзеге асса, барлық мемлекеттік органдарға, түрлі ведомстволарға қажетті Елтаңба мен Ту бір стандарт бойынша дайындалады. Бұл туралы Елтаңбаның авторы – Жандарбек Мәлібеков мәлім етті. Бүгін Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. «Рәміз – елдігіміздің бейнесі. Оны өскелең ұрпақтың санасына сіңіру – патриоттық тәрбиенің бір бөлігі», - деді Мемлекеттік хатшы. Әйтсе де, рәміздердің қолданылу аясы, мәселен, әскери киімдерде бейнеленуінде ортақ жүйе жоқ. Ол үшін арнайы орталық құру қажет.
Жандарбек Мәлібеков, Елтаңбаның авторы, Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның мүшесі:
Жерлігілікті жерлерде орындалатын, басқа жерлдерде орындалатын, қалай болса солай орындалатындар бар, орындалып кеткендер бар. Солардың көбісінде Елтаңбамыздың түпнұсқасы сақталмай отыр. Сондықтан, мен ойлаймын, орталық болса, реттестіріп отыратын. Сонда кемшіліктерді жоюға болады.
Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшының жетекшілігімен ҚР-сы Президенті жанындағы азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның мәжілісі өтті. Онда азаматтық алғысы келетін бірқатар тұлғалардың өтініштері қаралды. Елбасы тиісті жарлыққа қол қойғаннан кейін ТМД елдері мен алыс-шетелдерден келген 700-ден аса адам Қазақстан азаматы атанады.

Оцените пост

0
Дальше