Қазақстан Телеарнасы December 11, 2011
748
0
0
0

Жаңа музыкалық аспап

Семейлік күйші, сазгер, қолөнерші – Арғынбек Ахметжанов «Әл-Фар-А» атты жаңа музыкалық аспап ойлап тапты. Домбыра тәріздес үш шекті музыкалық құралды жасау туралы ой шеберге Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығына қанық болғаннан кейін  келген көрінеді. Қазір жаңа аспапты заңдастыру үшін қажетті құжаттар жинақталып жатыр. Автор болашақта «Әл-Фар-А» қазақ халқының ұлттық аспаптарының бірі ретінде танымал болатындығына сенімді.

Домбыраға ұқсайтын мына аспаптың авторы – Арғынбек Ахметжанов. Күйші, сазгер. Ұлы Абайдың 45, ал Шәкәрімнің 2 бірдей өлеңіне ән, романс жазған адам. Әуендері бірнеше жыр жинақтарға басылып шыққан. Осыған дейін 100-ден астам домбыра жасап, елге тегін таратқан. 75-ке келген шағында, шебер «Әл-Фар-А» атты жаңа аспапты құрастырып шықты. «Мұндай ой осыдан 15 жыл бұрын Ақжан Машановтың «Фараби және Абай» атты еңбегін оқығаннан кейін туындады», - дейді шебер. Толығырақ...

Оцените пост

0