Асыл әжем

Піссімілләдан бастайын, Асылық сөзді қоспайын, Жайнап-та жүрген жан әжем, Іздеусіз қалай тастайын? Әжетай,қайратты жан едің, Құдалық-тойдың сен сәні едің. Ұл қызың ардақтап,ортаға ап, Шаттанып...

Піссімілләдан бастайын,

Асылық сөзді қоспайын,

Жайнап-та жүрген жан әжем,

Іздеусіз қалай тастайын?

Әжетай,қайратты жан едің,

Құдалық-тойдың сен сәні едің.

Ұл қызың ардақтап,ортаға ап,

Шаттанып айтар бір әні едің.

Жаңғылыш сенің өз елің,

Татыран деп бұрған өзегің.

Екі елге ортақ бір би болған,

Сенің де келді ме кезегің.

Шалқыдың шалыңның барында,

Тектілік бар еді қаныңда.

Балаша жаутаңдап жаттың сен,

Қаумалап бар балаң жаныңда.

Кәрілік дегенің қоймайды,

Қара жер қойның бір тоймайды,

Жалмадың талайды талғамай,

Алып та жатырсың таңдамай.

Ақ әжем,мінезге ірі едің,

Алшаңдап, жарқырап жүр едің.

Бар істі мойныңмен көтеріп,

Аянбай,сыбанып білегің .

Аузынан түспеген тілегі,

Үздіксіз соққан-ау жүрегі.

Қандайда қайғыны көрсе де,

Білдірмей, бермеген іреңін.

Қыршын боп, шалы да, баласы,

Батты ғой Бектің де қазасы.

Бір қауым жетімнің панасы,

Бір рулы елдің-ау анасы.

Көпке де сыйлы боп жүргенде,

Кәрілік өзіңді жеңгенде.

Ішіңе жиып ап бар мұңды,

Кеттің бе , әжетай, шерменде

Әжелеп іздейді Гүлжайнаң,

Табам деп өзіңді мен қайдан.

Қайысқан қалың ел ағылды,

Хабардар болған бұл жайдан.

Ұлды да,қызды да өсірдің,

Қателік жасасақ, кешірдің.

Ұрпағың риза ғой өзіңе,

Ақ сүтін елеген төсіңнің.

Басыңа түссе де қара бұлт,

Мойымай,қажымай көтердің.

Нар тұлға әжем-ау, бағалым,

Саған да келді ма кетер күн.

Алдыңды аллам жарылқап,

Пейіште нұрың шалқысын.

Артыңнан той болып үйіңде,

Көрмейік өмірдің талқысын.

 

Оцените пост

2