Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

МҰРАТ НАСИМОВ 2011 M07 20
3474
0
4
0

қазақстан республикасыНЫҢ тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес КІРІСПЕ Елбасы Н.Ә. Назарбаев өткен жылы Тәуелсіздік сарайындағы салтанатты жиналыста сөзінде: «Тәуелсіздіктің әр жылы – бұл жаңа...

қазақстан республикасыНЫҢ тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

КІРІСПЕ

Елбасы Н.Ә. Назарбаев өткен жылы Тәуелсіздік сарайындағы салтанатты жиналыста сөзінде: «Тәуелсіздіктің әр жылы – бұл жаңа Қазақстан тарихындағы тұтас дәуір», - деген болатын. Ал осы жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ 20 ЖЫЛЫ» – біздің мерейтойымыздың ұраны осы. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жолының – БОСТАНДЫҚ, БІРЛІК, ТҰРАҚТЫЛЫҚ, ӨРКЕНДЕУ секілді арқаулық құндылықтары қалыптастырылды», - деді.


Осы себептерге байланысты, тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында еліміздің саяси процестері мен саяси институттарды ретроспективті және салыстырмалы тұрғыдан талдайтын әр түрлі тұжырымдамалар және жүйелі-құрылымдық, тарихи-философиялық, институционалды талдау әдістері арқау болатын осы жазбаларды ұсынғыс келеді. Кейбір талдаулардың міндеттері танымның жалпы ғылыми әдістерінде, пәнаралық тәсілдерді қолданумен ерекшеленеді.

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ЕГЕМЕНДІК ҰҒЫМЫ

Тәуелсіздік

Тәуелсіздік – бір ұлттың, мемлекеттің, діннің екінші бір ұлтқа мемлекетке, империяға, дінге бағынышты емес, дербес территориялық, экономикалық, саяси, діни дербестігін алған жаңа құрылған мемлекетке қолданылатын саяси түсінік. Ол дербес әлеуметтік-саяси, экономикалық қимыл жүргізетін, егеменділіктің белгісі болып табылады. Саяси тұрғыдан қарағанда тәуелсіздік конституциялық құқыққа негізделген мынадай түрлі принциптер мен институттардың сипаттамалық көрсеткіші саналады: егемендік, билік бөлінісі, тұлғаның құқықтық мәртебесі, соттар мәртебесі және т.б.

Бұл ұғым 1776 жылы 4 маусымда ағылшын отарлары өкілдігінің екінші конгресінде қабылданған. Осы «Тәуелсіздік декларациясынан» соң халықаралық саяси термин ретінде қалыптасты. Демек, әр мемлекеттің тәуелсіздік жариялауы осы декларацияны қабылдаумен тығыз байланысты.

Егемендік (француздық souveraineté - жоғарғы билік, үстемдік) – ұғымы кез келген мемлекеттің жалпы сипаттамалық белгілерінің көрсеткіші болып табылады. Ғылыми терминологияда ұлттық және халықтық егемендік түсінігі де бар. Демек, мемлекеттік құрылымның қалыптасуында ұлттың немесе халықтың үстемдігі болуы тиіс. Ал қазіргі саяси ғылымдарда тұлға немесе азамат егемендігі деген термин де кең қолданысқа ие.

Оцените пост

4