• 3522760
  • 4670
  • 290
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Блогосфераға ережелер қажет пе?

Сіз блог жүргізесіз/күнде оқисыз және сондағы жазбаларға пікір қалдырасыз. Ал блогтарға байланысты [жария емес] ережелерге бағынасыз ба? Мүмкін осының бәрі тек бос әурешілдік? Бүгінгі күнде кәсіби блогшылардың көбісі өз веб-беттері үшін арнайы «кодекс» жасады. Оны жария етпесе де, әр кез ойыларында сақтайды. Себебі, Блогосфера да қоғамның бір түрі, оған да кейде тәртіп қажет.

Негізгі ережелер төмендегідей:

Сілтемелер - Жазбаңызда біреудің материалын жариялайтын болсаңыз, ақпарат көзіне сілтеме жасауға ұмытпау. Онсыз да түсінікті, бірақ.... беделіңізді түсірмеу үшін, жадыңызда жүрсін. Кейін сіздің блог жазбаңызды біреу жарияласа немесе үзіндісін ғана алып, авторына сілтеме жасаса, марқайып қаласыз.

- Сілтемелер түрлі акциялар мен эстафеталар өткен кезде де жасалынады. Мысалы, эстафетаны сізге кім берді және сіз оны кімге тапсырдыңыз.

Контент

- Мақалаға түрлі суреттер мен видеоны көптеп жариялаған кезде лимиті немесе баяу интернеті бар адамдар жайында ойлау керек. Медианы катқа жіберіңіз, ал фотоларыңыз тым көп болса, фотохостингіңізге сілтеме берген жақсы.

- Сауатты жазу. Бұл жағынан өзім әлі талпыныс үстіндемін. Бірақ пікір не пост жазған кезде оны бірнеше рет оқып, содан кейін ғана «жариялау» түймесін басамын. Қателерді минимумға жеткізуге (соған қарамастан, әр блогшының өзіндік минимумы болады) тырысыңыз.

- Бейәдеп сөздер жайында. Блогта оларды қолданасыз ба, әлде жоқ па, бұл өз еркіңізде. Бірақ оқырмандарыңыз «ондай сөздерді» қалай қабылдайды, жазбаларыңыз дәл солар үшін жазылады емес пе? Мысалы, орыс блогосферасында белгілі Лебедев пен Давыдовты танымал еткен бейәдеп сөздер емес, яғни мәселе басқада.

- Оффтоп. Пікіріңіз жазбаға байланысты болған дұрыс. Қалғаны жеке диалогтарда.

- Арсыздық. Авторға деген құрмет болу қажет. Оны жек көрсеңіз де, тек әділ сын жазу - саналы адамның «парызы». Егер де блогыңызға жамандау, балағаттау, жеке басқа қатысты нәрселер жазылса, мүмкіндігіңіз болса, осы қолданушыға бан қойып немесе сөз жарыстырмай-ақ жауап бермеген дұрыс.

- Сонымен қатар, кейде блогосфераға жаңа келген блогшылар мынадай сұрақ қояды: «Барлық пікірлерге жауап беру қажет пе?»

Әрине, жоқ! Бірақ салмақты пікір немесе сұрақтарға жауап беруді ұмытпаңыз. Бұл толық тізім емес, себебі әр блогшының өзі жасаған ережелер мен жеке «заңдары» болуы ықтимал. Ал кейбіреулері оларға мүлдем бағынғысы келмейді, бірақ бүгінгі күннің талабы жоғарғыдай болып тұрған секілді...

Алия Arsik
13 августа 2009, 2:55
1543

Loading...

Комментарии

adek
0
0
шындайында ережелер кажет емес, б1рак блогшы оз блогын таза устап туруды(жагымсыз жазуларга жауап кайтару) керек деп ойлайм.
Arsik
0
5
меніңше, ресми ережелердің қажеті жоқ. бірақ, мүмкіндік болса "андай" пікірлерді жарияламау, мүмкіндік болмаса, қайдағы жоқ нәрселер жазылған пікірлерге жауап бермеу қажет деп ойлаймын
Адамды жарнамамен, эксперттік пікірлермен және күнделікті оқиғалармен асырап отырса, оның өзінің бренд, эксперт, және жаңалық болуға құлқы пайда болады... Сол үшінде арнайы рух мекендері пайда болады, яғни интернет блогтар. Блог жүргізу — гламур мен дискурс жұлмалаған жаралы сананың қорғаныс рефлексі... (Виктор Пелевин)
Өзімнен алып қосарым, қандай блог жүргізсең де, заңбұзарлық әрекет жасамаған өзіңе жақсы, ал жазылмаған "ережелерге" келер болсақ, бұл енді әр адамның блог жүргізудегі мақсатына байланысты, және бұл тұрғыда жоғарыдағыны нұсқаулық емес, жай кеңес деп қарастыруға болады.
Arsik
0
5
рахмет,
әрине, ешкімге бұл ережелерді міндеттемеймін :)
Ansar
0
0
Бұл ережелер әр бір блогшының санасында қалыптасса жақсы болады деп сенемін.

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

Министерство труда и соцзащиты провело через парламент очередной крайне неоднозначный закон, который может вызвать всплеск недовольства в стране.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 11:17
  • 28494
  • 21
Самый большой мошенник в стране: об эффективной схеме развода «Казахтелеком»

Самый большой мошенник в стране: об эффективной схеме развода «Казахтелеком»

История о том, как Народный провайдер наваривается на своих клиентах, намерено не отключая услуги, и беря лишние деньги за ненужные и не оказываемые услуги.
ligaspravedlivosti
17 нояб. 2017 / 19:12
  • 27901
  • 189
Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

В Казахстане введен институт упрощенного (письменного) судопроизводства, который позволяет повысить доступность правосудия и сократить сроки рассмотрения дел.
mark_iceberg
вчера / 15:49
  • 14850
  • 2
«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

Заранее отпишусь, данный пост не является попыткой оскорбить собственную нацию) Как говорится о вкусах не спорят, каждому свое.
Bonittta
16 нояб. 2017 / 14:28
  • 15565
  • 372
Новшества на орбите уголовного правосудия

Новшества на орбите уголовного правосудия

Недавно я приняла участие в международной конференции по модернизации уголовного процесса, прошедшей в Бурабае. В чем значимость данных реформ для обычного казахстанца?
mirabeisenova
вчера / 16:22
  • 11565
  • 1
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
17 нояб. 2017 / 11:00
  • 11352
  • 57
Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Подтверждаются худшие предположения, циркулирующие в соцсетях. Периодические исчезновения детей в разных регионах Казахстана объясняются не только семейными проблемами и «синими китами».
openqazaqstan
16 нояб. 2017 / 15:46
  • 7863
  • 55
О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

В объективности выводов швейцарского банка Credit Suisse усомниться трудно – его экономические рейтинги относятся к самым авторитетным и их явно трудно упрекнуть в предвзятости
openqazaqstan
18 нояб. 2017 / 17:21
  • 7140
  • 84
Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Сегодня в прессу просочились детали скандальной сделки ЕНПФ с «мусорными» облигациями ТОО «Бузгул Аурум», о которой уже подробно рассказывалось в начале года.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 16:13
  • 3369
  • 21