место в рейтинге
  • 9140
  • 16
  • 2
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Сырлы Ыстамбұл

Жаз... Кезекті еңбек демалысы. Қыр төсіндегі қазақты қайдам, қаланың адамы қалт еткеннен-ақ демалудың қамын күйттейтіні анық. Әлемнің әр елі жаһанданған сайын құрлықтардың арасы қадаммен өлшейтіндей кейіпке еніп барады. Бұл дегеніңіз, әсіресе қызық іздеген, жанына дауа аңсаған адам үшін қолайлы жағдай. Рас, әрненің шегі әмиянға барып тіреледі...

Қазіргі кезеңде қазақстандықтардың қалтасы көтеретін демалыс орындарының бірегейі – Түркияның жағажайлары. Ендеше, бүгінгі Түркия қазақстандық саяхатшыларды қандай ерекшелігімен баурап ала алатынына көз жеткізіп қайту мақсатында біз Ыстамбұл қаласына 3-4 күндік сапарға аттандық...

Сонымен Ыстамбұл. Айы оңынан туған, жер-жаһандағы көне шаһарлардың бірі. Кезіндегі рим, византия, осман империяларының астанасы.

2010 жылы Еуропаның мәдени астанасы атанған Ыстамбұл, күллі әлемге өз жәдігерлерін паш етіп, түрік экономикасына туризмнен түскен табысымен елеулі үлес қосты.

Естеріңізге сала кетейік, 2000 жылы түрік шаһарын 2,4 млн. шетелдік тамашаласа, 2012 жылы қонақтардың саны 11,6 млн. саяхатшыға артып, туристік бағыттағы әлем қалалары арасында 5-орынға табан тіреді.

Бүгінде Ыстамбұл өнеркәсібі өрге домалаған портты шаһар.

Әлем алдындағы Түрік беделінің айқын көрінісін, біз Сұлтанахмет мешітін аралағаннан бастап сезіндік. Мәрмәр теңізінің самалы маңдайын сипап өткен әр түріктің мақтанышына айналған бұл мешіт тек қаланың емес, ислам әлемінің де ғажап ар­хитектурасының бірі.

І Сұлтан Ахметтің тапсырмасымен салынған мешіт, 6 мұнара мен биіктігі 43 метр, ал диаметрі 23,5 метр ауқымды алып жатқан ғажап көк күмбезбен көмкерілген. Халық арасында «көк мешіт» атануы да осыдан.

Ал ауызашар уақыты тақаған тұста мешіт маңайына жанұясымен жиналған қауымда есеп жоқ. Күн ұясына батысымен жиналған қауым дастарқандарын жайып, дәм татуға кіріседі.

Ал, ел меценаттарының ұйымдастыруымен ауыз бекіткендерге мешіт маңындағы арнайы орындарда тегін тамақ таратылады. Мұндай жақсылық түрік қалаларының барлығында да кездеседі.

Мешіт - Алланың үйі. Сондықтан дәретсіз мешітке ену - харам!

Қаладағы мешіт санының өзі 2944 құрайды. Барлығында да мұсылман қауымға жағдай жасалынған.

Ыстамбұлдың кереметтерін аралап тауысуға 1 апта емес, 1 ай да жетпейді. Еуропа мен Азияны байланыстырып тұрған қос көпір, патша сарайлары, түрлі деңгейдегі шіркеулер, қамал мен су қоймалары туристер назарына қызмет етуде.

Осман патшаларының ордасы, Топкапы мен Долмабахче сарайы да аяқ талдырарлық ауқымды алып жатқан үлкен мұражайлар.

Шаһардың тағы бір мақтанышы, Қапалы Шаршы жабық базары. Іргетасы сонау 1453 жылы қаланған базарды күн сайын жарты миллионға жуық саяхатшы аралайды екен.

Қалада адасқанды көруші едік, базарда адасқанды өзіміз сезіндік. Бір-біріне ұқсас күмбезбен көмкерілген көшелері бізге экзотика іспеттес. Қызығасың, кете бересің. Айналшықтап жүріп 18 қақпасының бірінен қалай шыққаныңды, қайдан шыққаныңды байқамай қаласың.

Бас-аяғы 58 шағын көшелерден құралған сауда орнында 4000-ға жуық дүкен орналасқан.

Тауар түрлерінің сан алуандылығы сауда мәдениетінің қаншалықты дамығанын байқатады. Мұнда алтын да, жақұт та, кілем мен матаны да, шығыс тәттісі мен түрік былғарысын да кезіктіресіз. Тіпті тұрғын үй мен бейіттің бар екеніне де таңғалмаңыз.

Саудада достық жоқ екені аян. Сондықтан базардағы бағаның нарқын бұзып саудаласқан жөн. Саудаласуды түрік сатушысы да құп көреді. Әрі іші пысқан сатушы өзге елдің адамымен ымдасып болса да әңгімелесіп қалуға тырысады. Қазақстаннанмын дегеніңе көзі ашық оқығандары арқаңнан қағып, бауыр деген ишарамен бағасын түсіріп те жатқан кездерін көрдік.

Егер де фоторепортаж қызық әрі қаралымды болса онда фоторепортаждар мұнымен шектелмейді.
Назарларыңызға рахмет!

22 августа 2013, 18:04
688

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор Уполномоченный по правам ребенка, как институт во всем мире стоящий на страже жизни и прав детей, в нашей стране будет выполнять представительские функции?
AliyaSadyrbaeva
25 июля 2017 / 18:27
  • 10132
  • 6
Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Некоторые мои знакомые, мечтают уехать в Россию и побыстрее получить гражданство. Кому мы там сдались? Есть замечательная поговорка: "Где родился - там и пригодился".
Washington
25 июля 2017 / 12:15
Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

За день до своей гибели прямо около памятника жертвам политических репрессий 1937-го Жампозов сказал жене, что он – жертва точно таких же репрессий.
openqazaqstan
24 июля 2017 / 10:18
  • 3347
  • 12
Если вам отвечают на казахском языке – ситуация с точки зрения законодательства

Если вам отвечают на казахском языке – ситуация с точки зрения законодательства

Я своим постом не собираюсь критиковать кого-либо, что люди знают или не знают казахский или русский язык. Я выражаю своё мнение с точки зрения законодательства о языках.
Advokot
25 июля 2017 / 13:50
  • 2903
  • 31
Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Что касается парней, так это вообще отдельная тема. Они для меня загадка. Уже год пытаюсь понять ход их мыслей. Для нас, казахов, немного сложно понять, почему человек в 35-36 лет, до сих пор не нашел смысла жизни.
AASh
24 июля 2017 / 15:19
  • 2255
  • 22
Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Решили сделать топ-5 красивых актрис Казахстана. Очень долго спорили о первых трех местах и даже чуть не подрались. Было очень тяжело выбирать.
asdbqwe
20 июля 2017 / 14:24
  • 2092
  • 41
Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Самое грустное, что, как и всегда в таких случаях, скоро на Честера начнут изливаться потоки грязи - что он был наркоманом, или что-то подобное (как в случае со многими знаменитостями).
demonica
21 июля 2017 / 15:13
  • 1994
  • 51
Алматы глазами астанчанки: «У вас жара за 30! Вы не то, что южные – вы Африка!»

Алматы глазами астанчанки: «У вас жара за 30! Вы не то, что южные – вы Африка!»

Все дороги ведут в Алматы. Хотелось бы поспорить, учитывая, как я насмешливо провожала друзей или коллег, которые покидали родную Астанушечку и переезжали «на юг».
SogdiK
21 июля 2017 / 18:25
  • 1855
  • 34
Лечиться нельзя умереть. Страшно, когда запятая поставлена якобы «законом бога»

Лечиться нельзя умереть. Страшно, когда запятая поставлена якобы «законом бога»

Стало известно о смерти четырехлетней Виктории Сусаевой. Отец девочки намерен подать на бывшую супругу в суд, так как уверен, что в смерти дочери виноваты ее религиозные воззрения.
lyalusha
21 июля 2017 / 14:35
  • 1535
  • 16