Боинг-747 ұшағының жаңа үлгісі шықты

mereika_91 2011 M04 2
1081
1
0
0

  Авиация саласындағы іргелі компаниялардың бірі – америкалық Боинг корпорациясы әйгілі 747-ші үлгілі жолаушылар ұшағының жаңа түрін таныстырды. Бұл ұшақ компания өнімінің сатылуының ауқымын...

 

Авиация саласындағы іргелі компаниялардың бірі – америкалық Боинг корпорациясы әйгілі 747-ші үлгілі жолаушылар ұшағының жаңа түрін таныстырды.

Бұл ұшақ компания өнімінің сатылуының ауқымын арттырады делінеді. «Боинг-747-8» үлгісіндегі жолаушылар ұшағына 467 жолаушы сиятын болады. Бұл бұрынғы ұшақ үлгісімен салыстырғанда 51 адамға артық. Сондай-ақ жаңа машина жанармайды үнемді жағатын етіп жасалған. Боинг-747 ұшағының ең алғашқы нұсқасы жұртшылыққа 1968-жылы таныстырылған еді. Ұзақ жылдар бойы Боингтың осы ұшағы жолаушылар көп сиятын және ауыр лайнер саналып келді. Дегенмен 2005-жылы «Эйрбас» корпорациясының А-380 үлгісіндегі алып ұшағы пайда болды. Бұл жолы Боингтың инженерлері асып түсіп мақсатында ұшақтың фюзеляжын 6 метрге ұзартып, оны әлемдегі ең ұзын жолаушылар ұшағына айналдырды. Авиақұрастырушылардың айтуынша, «Боинг-747-8» ұшағы жолаушылар сыйымдылығы жағынан А-380 ұшағынан асып түсе алмайды. Дегенмен ол әлемдегі әуе компанияларын баға тиімділігімен өзіне тартуы мүмкін. Халық арасында «Джамбо Джет» яғни «жуан ұшақ" аталып кеткен Боинг-747 ұшағының жаңа үлгісі 317 жарым миллион долларға бағаланып отыр. Бұл Эйрбастың алып ұшағымен салыстырғанда 30 миллион долларға арзан. Боинг жаңа ұшақтарын сату төңірегінде «Люфтганза» және «Кориан Эйрлайнз» компанияларымен келісім жасап үлгеріпті. Осылай алғашқы 33 ұшақ сатылды.

Оцените пост

0

Комментарии

Показать комментарии