• 1255
  • 0
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Жаратушының жақсылығын ұғыну – әр пенденің борышы

Жаратушының жақсылығын ұғыну – әр пенденің борышы

Аллаһ тағала жер мен көктегі барлық нәрсені адам баласының игілігі үшін жаратты. Сансыз нығметтер берді. Бұл туралы қасиетті Құранда былай делінген: «Аллаһ көктер мен жердегі барлық нәрсені өз тарапынан (сый ретінде) сендерге бағынышты етті. Әлбетте, ой жүгірте білген қауым үшін мұнда тұнып тұрған ғибраттар бар» (Жасия сүресі, 13-аят).

«Аллаһ көк пен жердегі барлық нәрсені сендерге бағынышты етті. Сондай-ақ, сендерге ашық әрі жасырын түрде қаншама нығмет жаудырды. Мұны көрмедіңдер ме?!» (Лұқман сүресі, 20-аят).

«Аллаһ сұраған нәрселеріңнің барлығын сендерге берді. Аллаһтың нығметтерін санайтын болсаңдар, оларды әсте санап тауыса алмайсыңдар. Расында, адам баласы тым залым, жақсылықты білмейді» (Ибраһим сүресі, 34-аят).

«Аллаһтың нығметтерін санайтын болсаңдар, мүмкін емес, оларды әсте санай алмайсыңдар. Расында Аллаһ аса кешірімді, өте мейірімді» (Нахл сүресі, 18-аят).

Адам баласына берілген күллі нығметтің шынайы қожайыны – Аллаһ тағала. Бұл туралы Құран Кәрімде: «Нығмет ретінде сендерге жеткен барлық нәрсе Аллаһтан келді» (Нахл сүресі, 53-аят) делінген.

Адам баласына мұншалықты мол нығмет тарту еткен Жаратушы Иемізге рақметімізді білдіріп, шүкіршілік ету әрбір пенденің борышы. Адам баласы өзіне бір шыныаяқ су немесе бір шоқ гүл сыйлаған жанға тым болмағанда бір ауыз рақмет айтуды борыш санайды. Себебі, мұны адамгершілік пен ар-ұждан міндеті деп есептейді. Егер біз Ұлы Аллаһтың бізге берген сансыз нығметтері жайлы сәл ғана ойланатын болсақ, оған қаншалықты қарыздар екендігімізді және қаншалықты алғыс білдіруіміз қажет екендігін түсінуіміз еш қиынға соқпас еді.

Жалпы, жасаған жақсылығы үшін кез келген пендеге рақмет айта білу – адамгершілік қасиет. Өйткені, жаратылғандарға рақмет айтуды білмейтін адам Жаратушыға да шүкіршілік етпейді. Дегенмен, зер салып, ой жүгіртетін болсақ, жақсылық жасаған адамға өзімізді борышты санау, оларға алғыс айту, жақсылықты жақсылықпен қайтару сынды т.б. әрекеттер жақсылықтың негізгі иесі Аллаһ тағала үшін де жасалу керек. Мұны ешқашан ұмытпауымыз керек. Өйткені, Аллаһ тағала күллі ғаламды жаратқан кезде әрбір істі белгілі бір себептермен байланыстырған. Яғни, кез келген іс өзінен-өзі болмайды, белгілі бір себепке байланысты жүзеге асады. Міне, сол себептерді жаратушы – Аллаһ тағала. Егер тек адамдарға ғана жақсылық айтып, Аллаһты ұмыт қалдыратын болсақ, бұл құдды өзіне өте құнды сыйлықтар тарту еткен кісіге емес, тек оны алып келген пошташыға ғана алғыс айтумен тең болмақ. Бұл – күлкілі тым орынсыз әрекет. Сондықтан, нығметтерді бізге жеткізіп қана берген себепшілерге алданып, Аллаһқа шүкіршілік етпеу немесе ризықтың соңын қуып, Раззақты яғни, ризықтың асыл иесін ұмыту барып тұрған ақымақтық, жақсылықты түсінбестік болып табылады. Олай дейтініміз, адам баласы үшін Аллаһты ұмыту асқан ұят нәрсе. Бұл барып тұрған ғапылдық. Мұнымен қоса өзіне шынайы нығмет берушісін ұмытып, өткінші дүниелерге алдануы уақыт өте өзін өзгенің жетегінде құл болуға әкеп соғады. Ал бұл мұсылмандарға жараспайтын дүние.

Нығметтердің шынайы иесін танымау және оған немқұрайлылықпен қарау нағыз жақсылықты түсінбеу. Мұның соңы пендеге жақсылық әкелмейді. Бұл жайында Құран Кәрімде былай айтылған:

«Расында, адам баласының Раббысына тым рақметі жоқ. Өзі де бұған куә» (Адият, 6-7 аяттар).

«…Егер шүкір етсеңдер, нығметтерімді арттырамын. Ал күпірлік қылсаңдар, біліп жүріңдер, азабым өте ауыр болмақ» (Ибраһим сүресі, 7-аят).

«Егер күпірлік ететін болсаңдар, біліңдер, Аллаһ сендерге мұқтаж емес» (Зумәр сүресі, 7-аят).

Денеміздің әрбір мүшесі өз алдына бір нығмет. Олардың біреуінен айрылып қалғанымызды ойласақ, оның қаншалықты құнды екенін түсінер едік. Мысалы, күнделікті жұмысымызда бір күн бойы бас бармағымызды жоқ деп есептеп, оны еш қолданбасақ, оның жоқтығы жұмысымызға едәуір кері әсерін тигізеді. Басқа мүшелеріміз де, тіпті мүшелеріміздің кішкене бөлшектері де осылай өзінің жоқтығын сездіреді. Міне солардың жоқ болғандары үшін қаншалықты қиналсақ, аман-сау орнында тұрғандары үшін де соншалықты шүкіршілік етуіміз керек. Себебі, қасиетті Құранда ақырет күнінде осы дүниеде бізге берілген барлық нығметтен жауапқа тартылатынымыз жайында айтылған:

«Соңында, сол күні (дүниеде пайдаланған) нығметтерден міндетті түрде сұраласыңдар!» (Тәкәсур сүресі, 8-аят).

Ақыретті бір шетке ысырып қойып, тек дүние молшылығына қол жеткізу үшін жылтыраған дүниенің әшекейіне алданып, өмірді өткінші ләззаттардың соңын қуумен өткізген кісінің жағдайы қандай аянышты десеңізші!

Бесік пен табыт арасындағы нәзік байланысты ұғына алмай, басын бұрып алып, тоқтаусыз мазарға қарай тартатын өмір атты сапардың хикметі мен сырын түсінбестен жалғанды жауапкершіліксіз жалпағынан кешу – опық жегізбесе, жақсылық әкелмесі хақ.

Қасиетті кітабымыз Құранда өмірді босқа өткізуден сақ болу қажеттігі талай жерде ескертілген:

«Бізді, сендерді босқа жаратты деп және Бізге қайтарылмаймыз деп ойлайсыңдар ма?» (Муминун сүресі, 115-аят).

«Адам баласы өзін бос қоя берілемін деп ойлайды ма?» (Қиямет сүресі, 36-аят).

Жаратушының жақсылығын ұмытып, соңында опық жеп жүрмейік бауырлар!

 
books
31 марта 2011, 23:07
886

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

Досталось и Скриптониту, который ранее опубликовал запись, о том, что больше не будет сниматься в клипе Гуфа и Тимати. "Я тебя ни о чем больше не попрошу, казах ты мой дорогой" - высказался рэпер.
tala03
вчера / 15:48
  • 3040
  • 10
Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Вице-спикер Мажилиса Владимир Божко остановился на некоторых деталях известного конфликта в Астане возле строящегося «Абу Даби Плаза», затронув проблему «многочисленной сельской молодёжи»...
openqazaqstan
19 сент. 2017 / 13:16
  • 2536
  • 64
«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

По данным статистики 2017 года Казахстан занимает 4 место по самоубийствам. Говорить об этом - социальное табу. Мы игнорируем разговоры о депрессиях. Потому что нам страшно.
goribaldi
18 сент. 2017 / 15:45
  • 2470
  • 83
Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Алматинский учитель поставил диагноз системе, частью которой является образование. Будучи успешным юристом, имевший степень МВА, он вдруг развернул траекторию своей карьеры, став обычным школьным...
Zhumanova
сегодня / 16:26
  • 1935
  • 4
«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

Мужчины спокойно подчиняются логичным правилам, большинство женщин пытаются выторговать себе особые условия. Я убеждалась в этом много раз.
ValentinaVladimirska
18 сент. 2017 / 14:25
  • 1992
  • 34
Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Бесплатное проживание и завтрак в Испании, как прокачать иностранный язык и где поймать бесплатные ништяки в Европе. Если вы backpacker, который пересекает границу разных стран каждую неделю -...
dianaobyrne
18 сент. 2017 / 12:16
  • 2507
  • 1
Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Канело согласен на реванш, что неудивительно, Гена тоже "за". Все это было немного ожидаемо - эксперты отмечали, что промоутеры надавят на поединок, и захотят растянуть его на трилогию.
Trequartista
17 сент. 2017 / 0:15
  • 2314
  • 17
Мой опыт вегетарианства: «Я ела овощи, и сама стала как овощ»

Мой опыт вегетарианства: «Я ела овощи, и сама стала как овощ»

Три года назад начитавшись-наслушавшись кое-каких знаменитых людей, я решила завязать  с абсолютно любым мясом. Как же возмущались все мои близкие, это надо было видеть, но я была непреклонна.
Bonittta
18 сент. 2017 / 14:33
  • 1862
  • 30
Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Полицейский беспредел в Казахстане осудил российский блогер и путешественник Евгений Золотухин. На своей странице он рассказал, как встретился с казахстанскими полицейскими, и как они оставили не...
tala03
18 сент. 2017 / 16:58
  • 1604
  • 13