жаңа тарау

Lilu_kz 2011 M03 21
1238
6
0
0

Барлықтарыңа салем! Yvisionді бірнеше ай оқып, бүгін ғана тіркеліп отырмын, негізі бұрынан тіркелгім келіп жүрді бірақ, тілге жақын/икемді адам болмағаннан кейін өз ойымды "қағаз" бетінде маған...

Барлықтарыңа салем!

Yvisionді бірнеше ай оқып, бүгін ғана тіркеліп отырмын, негізі бұрынан тіркелгім келіп жүрді бірақ, тілге жақын/икемді адам болмағаннан кейін өз ойымды "қағаз" бетінде маған жеткізу қиын. не дегенмен міне мен осындамын.

Мен өз блогымды қазақша және орысша жазуға тырысамын. Қазақша жазу себебім, мектеп бітіргелі бері, отырып бір қазақ тілінде ештеңе жазбаппын, не бір әдеби кітаптарды жетісіп оқымағанмын, айналадағы адамдардың бәрі не орысша, не ағылшынша сөйлейді. Қарап отырсам менің қазақ тілім күнделікті сөздермен ғана шектеліп бара жатыр, осыған байланысты блогты қазақша жазайын дедім; Қазақша жазып бастасам, көптен қолданбаған сөздерді қолданым қалармын, білмеген сөздерді үйренермін және ең бастысы сауаттылығымды сақтап қалармын деп ойлаймын :))) .

Oрысша да ойымды толық жеткізу қиын, сондықтан көңіл күйіме байланысты eкі тілдің біреуінде жазармын.

Ал не жайында жазуға келсем, мені көптеген тақырыптар қызықтырады. Әрине қыз болғандықтан көбінесе сән туралы жазармын, сосын көрген, естіген ел-жер туралы, не интернеттен тапқан қызық заттармен бөлісермін.
Жазатын зат көп қой ең бастысы ерініп кетпесем болды ғой :))

p.s. Дін және саясат деген тақырыпты айнала өтуге тырысамын.

p.p.s. Наурыз құтты болсын!!! :)

Оцените пост

0

Комментарии

0
Сіздің де наурызыңыз құтты болсын. Таңертең ерте ерінбей тұрып блог жазғаныңызға аұарағанда, не түнімен блог ашу уралы ойладыңыз, не пыросто "жавороноксыз". :-)
Блогыңыз құтты болсын! Блогтың берер пайдасы мол. Мен осы блог жүргізу және қазақша әдеби кітаптар оқу арқылы кішкене болсын өзімнің жазу шеберлігімді жақсарттым десем де болады. Сондықтан алған бетіңізден қайтпаңыз. Негативке назар аудармаңыз, ең бастысы алтын уақытыңызды ысырап етпегеніңіз абзал болар. Жаңа қазақша жазбалар күтемін!
0
рахмет, бірақ мен сізге бір құпиямды ашайын, мен қазір Қазақстанда емеспін :)))
0
Е-е қазір сағат тілі демек басқа уақытты көрсетіп тұр ғой. Ертемен блог ашудың сырын енді ұққандаймын.
Еліңізді сағынғаннан тым болмаса ғаламторда отандық сайтта оытрайын деген ниетіңіз бар шығар? Қай елде екені құпия ма? Оқу бойынша жүрген шығарсыз?
0
рахмет :)
Показать комментарии