• 48183
  • 59
  • 16
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Кітап және нарық

«Тұтынушы кітапты не үшін сатып алады?» деген қарапайым сұрақтың дәл сондай қарапайым жауабын табу қиын. Егер кітапты полиграфиялық өнім емес, сатып алу-сату операциясының объектісі етіп алсақ қана жауабын таба алатын сияқтымыз.

Оқырман қандай кітапты іздейді және ақшаны не үшін төлейді? Өте қарапайым жауап: ол кітаптағы ақпаратты, білімді сатып алады. Алайда, қазіргі заманда бұл ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарынан, интернет, лазерлік дисктерден ала алады. Басқа болжамы: оқу құралы емтихан және сынақ тапсыру үшін қажет, ал кітапхана қорында мұндай оқу құралы жоқ.

Сонымен, бір жағынан кітап сатып алушы кітапқа ақша төлейді, ал екінші жағынан - нені сатып алады? Түптемені? Әлде суретпен көркемделген кітап беттерін бе? Әрине, оқырманды қызықтыратын басты нәрсе - кітап мазмұны. Кітаптағы қорытылған пайда - оқырманның өз бетінше өзінің рухани, материалдық, интеллектуалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігі.

Қазіргі кезде кiтап өз бағасын азайтып, құнын жоғалтып барады. Бiрақ мұның бiрнеше түйткiлi бар:

Бiрiншiден, бағасы түскенде, кiтаптың саудадағы бағасы көтерiлдi, ал рухани бағасы, оқырманды тарту құны төмендедi.

Екiншiден, басқа тiлдегi кiтаптар өтiмдi болып, қазақ кiтабының құны түстi. Бiр кезде нарық заманының табалдырығынан аттап, капиталистiк қоғам талабына бейiмделе алмай, өзiмiз қалай қиналсақ, ендi Кiтабымыз да сол күйдi бастан кешуде. Басқа елден келген өзге тiлдегi көздiң жауын алатын түрлi-түстi кiтаптардың көлеңкесiнде қалып, сөрелерден тапжылмай тұр. Оған Кiтап кiнәлi емес, әрине. Оны шығаруды, сапалы, мазмұнды етуді, халыққа насихаттап, таратуды ұйымдастыра алмай отырған өзіміз ғана. Әрине, кітап басып шығарып жатқан баспагерлердің еңбегі еш болмасын, қазір мазмұнды, рухани азық боларлық бiршама кiтаптар жарық дүниенiң бетiн көрiп жатыр. Бiрақ жетiм баланың күйiн кешкен ол кiтаптар - көбiне тастанды, өйткенi олардың қамқор қолға - кiтапқұмар оқырманға жетуi қиын. Ірі-ірі кітап дүкендерінде импорттық кітаптарды көздің жауын алғызып, сөрелерге тізіп қойған. Түрлі-түсті безендірілген балалар әдебиетін көрдіңіз бе? Иә, тек олардың барлығы шет елден келген кітаптар. Осыдан кейін «кітап өтімді тауар емес» деп көріңіз. Онда самсаған кітап дүкендері қайдан пайда болды? Импорттық кітаптар неге өтімді?

Кітап шығаратын баспалар кітаптың сапасына жауап беретінін ұмытпаса болар еді. Себебі олардың есеп беретін адамы - шенеунік емес, қарапайым халық - оқырман.

Белгілі профессор Ш. Елеукенов айтқандай: «Газет, теле-радио бір күндік болса, кітап мың күндік». Ендеше, ақпарат айдынында өзіндік тұғыры бар бай мұрамыз кітап бүгін де, ертең де идеологиялық майданның қақ маңдайында жүруі тиіс.

 

Айнур Chandni
1 июля 2009, 16:26
2810

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Arsik
0
0
Шынымен де, қазақ тіліндегі, мысалы, Атамұра баспасының әдеби кітаптар бағасы 450 теңгеден басталады, ал енді шетел әдебиетіне келсек, тура осындай форматтағы кітаптар 2-3 есе қымбат :( себебі оларға деген сұраныс екі есе емес, он есе артық шығар. Балалар әдебиетіне байланысты, баспасы есімде жоқ, әйтеуір қазақша ертегі сымақ кітапшалар сатылымда қазір бар, бетін ашсаңыз қателер деген өріп жүр.
Жалпы, елімізде нарық өнері қалыптаспаған. Қазіргі кезде қазақ тіліндегі шығармалардың кітап сөрелерінде тапжылмай тұруы дағдыға айналды. Бұдан қазақ оқырмандарының азшылығы бірден байқалады. Мәселен, бар-жоғы 2 мың данамен жарық көрген кітаптар дүкендерде жылдап өтпей тұрады. Әрине, қазақ тілінде құнды кітаптар мүлде жоқ деуден де аулақпын. Өйткені „Қазығұрт„, „Арыс„ баспаларының кітаптары оқырман талғамынан шығады деп ойлаймын. Бірақ оларды басқа да „кітапсымақтар„ жуып кетіп жатыр.
Arsik
0
0
Мүмкін бұны қазақ әдебиетіндегі рухани/шығармашылық дағдарыс салдарының "жемісі" деп түсіну қажет, қалай болса да, жақсы деген атқа лайық қазақ тілді кітаптардың бәрі дерлік өткен ғасырда жазылған, қазіргілердің көбі кітап шығаруды атақ-даңққа жетудің оңай жолы деп санайды, ал сол кітаптың ішін ақтарсаңыз, тұшымды ештеңе жоқ.
Ол кезде көркем шығармалар сиясы кеппей жатып сыншылардан бата алып жатты. Сын көп еді, сынға төтеп берген соң ғана саудаға түсетін болған, тәрбиелік маңызы зор шығармалар қазақты рухани ашаршылықтан құтқарды, рухын түсірмеді, жігерін жаныды. Кітап таралымдары бірнеше он мыңдаған данамен есептелетін болған. Қазіргі кезде кітап басып шығару мүмкіндігі көп болғанымен, сапасы жағынан айтарлықтай жоғары дәрежеден көрінбей отыр.
"...сапасы жағынан айтарлықтай жоғары дәрежеден көрінбей отыр" оныңыз рас, бүгінгі толқын әдебиеттің жаңа сипатын әлі де іздеп жүрген секілді. "Жалын", "Қазақ әдебиеті" секілді басылымдарды қарап отырсақ, жазатындар бар, бірақ көпшіліктің көңілінен шығатындай жазушы аз (мүмкін осыған оқырманның өзі кінәлі). Оның ішінде еліктеу, модернизмге ұмтылу сияқты... бір сөзбен айтқанда, стиль қалыптаспаған. Бүгінгі қолтаңбалық сонылықты байқауға болатын жазушылардан Роза Мұқанова, Айгүл Кемелбаева, Лира Қонысты айтар едім, әттең, кітап дүкендерінде оларды көрген емеспін :(((
Модернизмге ұмтылу дегенің, жалпы қазақстандық па, әлде қазақша жазылған кітаптар ма? Қазақша кітаптар туралы естіген емеспін...
қазақ тілді жаңа толқынның кейбір жазушылары

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Покупаешь в супермаркете продукты на 5000 тенге и банк забирает себе еще 30-50 тенге. То есть, продукты обошлись уже не в 5000, а в 5050 тенге.
ValentinaVladimirska
25 мая 2017 / 22:56
  • 13891
  • 29
Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Как ранее уже сообщалось из-за строительства БРТ в Алматы пострадают значительное количество деревьев. На прошлой неделе вырублены первые вязы и клён, - под расширение проезжей части на улице...
SKYFALL
24 мая 2017 / 17:20
  • 11647
  • 18
Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

В продвинутых государствах едва ли поймут, почему в столь развитом, успешном и преуспевающем Казахстане от имени и по заданию властей творятся такие зверства над животными.
openqazaqstan
24 мая 2017 / 12:12
  • 10974
  • 102
Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Коррупционные отношения вышли на такой уровень, что они уже начинают дискредитировать всю систему управления.
openqazaqstan
26 мая 2017 / 13:45
  • 8580
  • 34
Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Судья Алмалинского районного суда Куаныш Арипов ломает стереотипы отношения граждан к представителям Фемиды. Напавшему на полицейского экс-сотруднику алматинского акимата он назначил наказание выше...
Mirogloff
24 мая 2017 / 16:41
  • 4081
  • 9
Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Последний монолог Аблязова о «продолжении борьбы с режимом» и «ДВК-2», при всём желании, не выглядел как какой-то политический манифест.
openqazaqstan
25 мая 2017 / 13:53
  • 3352
  • 62
Начинаю понимать, почему большинство разводов приходится на время беременности

Начинаю понимать, почему большинство разводов приходится на время беременности

У него нет растяжек на теле, его не тошнит и не рвет, у него не расходятся кости таза, нет тяжести при ходьбе, его по органам никто изнутри не пинает. Как тяжело выдержать 9 месяцев мужику, бедные...
idol_true
26 мая 2017 / 16:52
  • 3515
  • 95
«114» на связи: актуальные вопросы о Рамадане

«114» на связи: актуальные вопросы о Рамадане

Можно ли держать Оразу только три дня? Необходимо ли удалиться из социальных сетей во время поста? - на эти и другие вопросы отвечает исламовед Шерзод Пулатов.
lyalusha
27 мая 2017 / 8:30
  • 3166
  • 4
Я могла простить Америке ее неидеальность, но никак не фальшь

Я могла простить Америке ее неидеальность, но никак не фальшь

Прошло 8 лет, с тех пор как я живу в этой стране, но всего лишь год, как я увидела ее во всей красе. Моя жизнь тоже стала похожей на эту страну, с виду идеальная, успешная, но внутри пустая.
stervastyle
26 мая 2017 / 6:38