Чуть ли не продал Ислам за 20 цент? О, құдайым, сәл болмағанда Ислам дінін 20 центке сатып жібере жаздадым...

Ізгілік Нагиев 2011 M03 1
678
0
1
0

Түркияда дене шынықтыру пәнінің мұғалімін анекдот айтқаны үшін соттап жатыр. Іс сотқа дейін созылатындай не бүлдірді деп ойлауыңыз орынды. Кезінде энергетика министрін жұдырықтың астында қалдырған...

Түркияда дене шынықтыру пәнінің мұғалімін анекдот айтқаны үшін соттап жатыр. Іс сотқа дейін созылатындай не бүлдірді деп ойлауыңыз орынды. Кезінде энергетика министрін жұдырықтың астында қалдырған Кайсерилік мұғалім Түркия премьері Реджеп Тайип Ердоғанға қатысты езутартар шығарды деп айыпталуда. Ел үкіметбасшысын әжуалауға бағытталған анекдотты ғаламтор арқылы халыққа таратқан Шахин Шимшектің ісі басталып та кетті деп хабарлайды түркиялық ақпарат құралдары. Анекдот дінді саудаға салып, саясатқа араластырған шенеуніктерге арналған. Айыпталушы болса бұл мысқылды желідегі достарының бірі жібергінін айтады. Ендеше елді дүрліктірген Ердоғанға қатысты езутартарды оқи жүріңіздер:

«Лондон мешітіндегі имам үнемі бір автобуспен қатынайды екен. Бір күні автобус жүргізушісі жолақысының артығын қайырып жатып, 20 центті артық төлепті. Имам бұл ақшаны қайтарсам ба, әлде қайтармай өзімде қалдырсам ба деп он ойланып, ақыры ақшаны бермеу туралы шешімге келеді. Бұл да Алланың берген сыйы шығар деп ойлайды. Бірақ, ары жібермеген имам көліктен түсерде қалған ақшаны қайтарып беріпті. Автобус жүргізушісі болса: «Мен сіздердің мешіттеріңізге барып, Ислам дінімен кең таныспақшы едім. Сол себепті, сіздің қаншалықты адал екеніңізді тексергім келді» деп жауап қайырған. Имам далаға шыққасын көкке көзін тігіп тұрып: «О, құдайым, сәл болмағанда Ислам дінін 20 центке сатып жібере жаздадым» деген екен.

Ақпарат иесі: http://masa.kz/article/view/id/997

Оцените пост

1