журфакта пияр туылған күні өтті

Akilbek Baidlaev 2011 M02 26
996
1
0
0

PR-дың туған күні «ерекше» аталып өтті. Жақында «Пиар және жарнама» кафедрасының туған күніне байланысты  105-топ студенттерінің ұйымдастыруымен «ерекше» концерт болды. Айтулы концертке арнайы...

PR-дың туған күні «ерекше» аталып өтті.

Жақында «Пиар және жарнама» кафедрасының туған күніне байланысты  105-топ студенттерінің ұйымдастыруымен «ерекше» концерт болды. Айтулы концертке арнайы шақырылған қонақтар мен көрермендер  көп жиналды. Соның арқасында концертіміз өз дәрежесінде өтті деп,-ойлаймын. Осы концерттің жұрт көңілінен шығуы үшін, қызықты әрі есте қаларлықтай болуы үшін, 105-топтың студенттері аянбай еткен ерен еңбегінің арқасында деп білемін. Бұл топта 25 студент бар. 6-ы ер бала да, 19-ы қыз бала.

Жалпы концертті халыққа паш етудегі  негізгі мақсатымыз өз-өзімізді таныстыру болып табылады. Концерт өте жоғары деңгейде өтті,-деп айтып жатыр көрген жұрттар. Осы тұста сценарийдің жобасын бір күн бойы дайындаған жүргізушілерімізді де айта кеткеніміз жөн. Олардың атқарған жұмыстары кітапқа да сыймайды ғой, шіркін! Жүргізушілердің ойлап тапқан әзілді аралас сөздері аудиторияның шулатып тұрды. Концертке келген қонақтар: басында сахнаға әр түрлі әзіл-қалжыңдармен шығуымыздың өзін күтпеген сый болды,-дейді 104-тің бір топ студенттері. Жез таңдай әншілердің салған әндері мен мың бұралған бишілер де көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп жатты. Мен де күтпеп едім шыны керек.  Әсіресе «LADY»-лар өз өнерлерін жақсы көрсете білді. Маған қатты ұнағаны «золушка» ертегісіне ұқсатып шығарған Пиар компаниясының көрінісі болды.

 

 

Оцените пост

0

Комментарии

Дальше