• 101884
  • 55
  • 18
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Әлихан Бөкейхан. Қазақтың тарихы

Биыл - Алаш ардақтысы, қазақтың жаңа замана мемлекеттілігінің төр басында тұрған айрықша, ерен тұлғасы, алғыр саясаткер, «Алашорда» ұлттық территориялық үкіметінің төрағасы, «Алаш» қозғалысының ту ұстаған бастаушысы, екі дүниедегі Алаштың аяулы ұлы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның 145 жылдығы. Бұған дейінгі мерейтойлары атаусыз қалып келген алып тұлға, тау ұлдың 145 жылдығы Тәуелсіздіктің жиырма жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Тәуелсіздік дегеніміздің бір басы - Әлихан мырзаның артынан ерген Алаш азаматтарының басын өлімге байлаған ерлігі мен еңбегі екенін Аллаға да, адамға да аян! Ендеше, Тәуелсіздіктің тойы - Әлиханның тойы. Әлиханның тойы  - Тәуелсіздіктің тойы. Екеуі -  Алаштың тойы!

Бұдан кейінгі уақытта Әлихан Бөкейханның мақалаларын үзбей беріп отырмақпыз.

"Абай-ақпарат"

 


Әлихан Бөкейхан. Қазақтың тарихы

І. Сөз басы

Тарих дейтін: бұрынғы өткен заманның жайынан сөйлеп тұратұғын, бұрынғы өткен кісілердің ісінен хабар беретұғын бір ілім. Қазақтың көбі оны «шежіре» деп айтады. Бұ заманның ғалымдары тарихты ең оңды мұғалім деп түсінеді.

Тарих - түзу жөнді үйретуші деп айтады. Тарих халықты түзу жөнге сілтеуші болса, оған дүние де түзушіліктің кітабы. Тіршіліктің жолбасшысы деуге де болады. Келешек күннің қандай болашағын білуге тарих анық құрал болады.

Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел - қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туашығына көзі жетпейді.

Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады. Дүние де өңге жұрттар қатарында кім қор болмайын, тұқымым құрып қалмасын деген халық өзінің шежіресін имани дәрежесінде ұғып білуге тиіс болады.

Қазақ ішінде һәр үйдің отағасы, һәр ауылдың ақсақалы тұрған бір шежіре, бұрынғы өткен-кеткеннен естіген білгені болса, кейінгі жастарға соның бәрін айтып отырады. Бірақ ел ішінде жүрген шала моллалар, тарихтың не екенін білмеген надан қожалар тарих десе екі құлағы тік тұрады. «Тәйірі, тарих неге керек?! Ол не айтады дейсін; әншейін ертегі, өтірік қой! Құдайдың бұйрығы емес, Мұһаммедтің сөзі емес, оны оқу-білу не керек!» деп аңдау елге арамзалығын қылып, тарихтан жұрттың көңілін суытады.

Тарих не айтады? -десеңіз, оның айтатыны мынау: біздің бұрынғы бабаларымыздың кім екендігі; олардың дүниеде не істеп, не бітіргендігі; қандай қуаты барлығы, ол қуатты не орынға жұмсағандығы; істеп жүрген ісінің қайсынан пайда, қайсысынан зарар көргендігі; бұрынғы бабаларымыздың досты-дұспаны кім екендігі; не себеппен бағы тайғандығы және соған ұқсас істердің барлығын тарих сөйлеп түсіндіріп тұрады.

Бұрынғы бабаларымыздың басынан кешкен жақсы-жаман қандай уақиға бар болса, оның бәрі де өткендегі бір істің нәтижесінен туған болады. Со секілді, келешекте біздің басымызға түсешек бір уақиға, осы күнде қылып жүрген ісіміздің нәтижесі болмақшы. Тарих оқысақ, оның сөзін оқысақ қандай істен қандай нәтиже туатынын анық білетін боламыз: жақсы істен жақсылық, жаман істен - жамандық тумақшы.

Бұрынғының «не ексең - соны орарсың» деген сөзінің терең мағынасы осы. «Құдай не жазса - соны көрерміз» деу соқырлықтың белгісі, тағдыр да жазғаны болар деу - ақымақтықтың белгісі. Шөнкі (!) адам нені тілесе, Құдай соны тағдыр қылмақшы.

Тікен еккен жерге бидай шықпақшы емес, ағаштың тамырына балтаның жүзі тисе - құрымақшы.

Бұрынғының көбі күш-қуатты тиісті орнына жұмсамай, бірінің көзін бірі шұқудан уақыты артылмады, істегенінің бәрі жәбір, залым болды; қалғанының бәрі зорлық-зомбылық еді. Қанеки! Дүние ахиретте сонысынан не пайда көрмекші?! Қиамет күніне дейін сауабы барып тұратын ісі қайсы? Бәрі де қабірде шіріп жатыр. Жанының көрген күні қандай екені Құдайға ғана мәлім!

Егер тарих оқысақ, пайдасы бар істің қандай екенін біліп, соны істемекшіміз! Заралы істен қашпақшымыз! Бұрынғының оңды ісінен үлгі алмақшымыз!

Осы күнде істеп жүрген ісіміз, қылған жұмысымыз, мінез-құлқымыз, сөздің бәрі кейінгілерге тарих болып қалады. Бұрынғының тарихы жазылмай қалушы еді, ендігі тарих күні-күніменен жазылып тұрылады. Кейінгілер ғибрат аларлық үлгі тастап кетіп алғыс алармыз ба? Жоқ, далаға лағып, жөнсіз кетіп қарғыс-лағынет аламыз ба? Кеудесінде көзі бар адам көп ойланарлық жұмыс.

Тарих - түзу, жөнді үйретуші; тарих түзушіліктің кітабы; тарих тіршілікте жолбасшы дейтініміз осы.

Біз әзіргі сөзді осының менен қысқарта тұрамыз. Мұнан соң «Қазақ» газетінде қазақтың анық шежіресін жазып тұрмақшымыз.

Түрік баласы.

«Қазақ» газеті, № 2, 1913 жыл.

abai_kz
7 февраля 2011, 15:24
1220

Загрузка...
Loading...

Комментарии

U001KZ
0
0
Omirlik ulgi tutar tulghalardin biri!

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

В начале 2000-х годов в уральской популяции оставалось только 2500 сайгаков. Сейчас благодаря охране от браконьеров их численность выросла до 100 тысяч.
theYakov
17 июля 2017 / 17:55
  • 8578
  • 3
Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в этой стране таков, что если речь идет именно о свидании, то оплачивает его на 100% из 100 именно мужчина. Пытаться его расшатать - это достаточно дорогое удовольствие.
convoluted
17 июля 2017 / 15:32
Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Звоним риэлтору, говорим, верните наши 15 000 тг, так как ваша клиентка нас кинула. По его словам, он вернуть деньги больше не может. Не имеет право.
decorus
17 июля 2017 / 14:48
  • 3003
  • 15
Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

В Польше вообще очень много понятного и простого – инфраструктура, коммуникации и дороги прежде всего, льготы в образовании, поляки вообще получают его бесплатно. А урожай побольше нашего.
Shimanskaya
17 июля 2017 / 16:08
  • 3153
  • 37
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 2519
  • 9
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 2633
  • 31
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 2352
  • 50
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2029
  • 17
Автостопом по Грузии. Можете себе представить, боржоми льется прямо из трубы!

Автостопом по Грузии. Можете себе представить, боржоми льется прямо из трубы!

Я пытаюсь произнести на грузинском "Дайте, пожалуйста одну лепешку" и протягиваю деньги в окошечко, а дедуля пекарь-продавец на чистом русском говорит: «Да бери-бери, деньги не надо!».
Zario
14 июля 2017 / 22:38
  • 2008
  • 29