• 64968
  • 47
  • 14
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Америкалықтың Шәуілдірдегі күндері

voxpopuli.kz сайтында Карла Нұр есімді фотожурналист Америкалық жігіттің қазақ ауылына сапары туралы жазыпты. Осы мақаланы yvision.kz сайтының оқырмандарына қазақшалап ұсынуды жөн көріп отырмыз.

a28d733e3414a920dceb0857606dda4b_med.jpg

Суреттегі мына жігіттің отаны - Америка. Шәуілдірдің бүлдіршіндерін ағылшын тіліне үйретіп жатыр. 2009 жылдың тамыз айында 22 жасар Джонатан Рибель атты 22 жасар волонтер жігітті Бейбітшілік Корпусы деп аталатын агенттік осында жіберген. Сол ұйымның белді мүшесі саналатын Флорида штатының тұрғыны Джонатан Қазақстанда өткізген бір жылында қазақ тілін едәуір жақсы меңгеріп алыпты.

Білмесеңіз, айта кетейік Бейбітшілік Корпусы деп аталатын Тәуелсіз Федералдық Агенттік 1961 жылы құрылған. Ұйымның мақсаты жағдайы қиын мемлекеттерге көмектесу.
Америкалық жігіттің қазақ сахарасындағы тіршілікке қалай бейімделгендігін тамашалаңыз.
51439c654062c9d76dc0604dc15f4ffd_big.jpg

Шәуілдірдің салқын таңы. Құрдасым жылы көрпеге оранып алып, қазақшалап былай деп сөйлеп отыр: “Қазақ тілін Бейбітшілік Корпусында үйреніп келгенмін. Дегенмен теория басқа, практика басқа. Дұрыс сөйлеуді осында келіп үйрендім. Жергілікті қазақтармен араласу тіл үйренуде көп көмек болды. Әсіресе қазақ тілі пәнінің мұғаліміне алғысым зор. Кейбір қазақ тілін білмейтін қазақтарды сөкпеймін. Олардың кінәсі жоқ. Бар кінә – қазақшаға үйретпеген ата-аналарында.”

b8bc676b5f6eedf2e0e7e1407ee8f17e_med.jpg

Ауылда жас жігіт жалғыз тұрады. Үйде қалған ата-анамды, екі інімді және сүйіктімді сағындым - дейді ол. “Әрине туған жерді қалай сағынбассың. Америкалық тұрмыс мүлде бөлек. Америкалық тамақты, кафе-барларда серуендеген шақтарымды сағындым. Дегенмен мұнда да жаман емес. Бастысы баспанам, тамағым мен үйім бар.

2f6cffd9840827f122ecaf1d658f4325_med.jpg

Ортаңғы бөлме. Қазақы қара тұрмыс...

4131b6c83d8fa00d3ded364555f0de2a_med.jpg

- Мынау таңғы асым. Жұмыртқа мен картошка. Аздап күйіп кетіпті, ештеңе етпейд. Бұдан да сорақысын көргенбіз. Негізі тамақты жақсы дайындаймын. Бұрын аспаз болып жұмыс жасағаным бар еді – дейді жігіт.

11302f9fb05650ca7edd874101345e7d_med.jpg

«Американская добрата» деп жақтымай сөйлеп қалатындарды еститінбіз. Әдеттері емес пе, даладағы ит-құсқа өз туысқанындай қамқорсымақ болатын – деп кекетіп жататын ағаларым. Солай демекші...

-    Бірде жас балалардың кішкентай мысықты қорлап жатқанын көріп арашалап қалғанмын. Байғұс жануардың көзі көрмей, аяқтары сынып қалыпты.
c7230063467e46b9d63a6cd0b1f2c644_med.jpg

- Оны тірі қалады деп ойламап едім. Мал дәрігеріне апарып көрсеттім. Көріп отырғаныңыздай Салина енді менімен бірге тұрып жатыр. Көзінің көруі жақсарғанымен, ақсақ болып қалды. Дегемен өзі жабайылау екен.

9462f9a9f4981b04665be2f489362808_med.jpg

Мынау қонағымыздың таңғы асы. Пай, шіркін-ай, десейші. Біз секілді студенттердің күнін көріп жүр екен ғой, сабаз!

4848b1a070e56257f77eee7842d60772_med.jpg

 

Досы мәз сияқты. Ас болсын, Салина!

b583cf986b403291e3250a2c2ff64f26_med.jpg

Суды барлық тұрғындар секілді құдықтан алады екен.

-    Күніне 4 шелек су жетеді. Сонымен қоса пеш жағамын күн сайын. Аптасына бір рет моншаға барып тұрамын

Не де болса, біздің Дәкеңе қиын болған екен. Шәуілдірде газ жоқ екенін мен білмеппін. Бұны көріп, біз тәуір екенбіз ғой деген ой келсе де, кейін ауылдағы өз қандастарымның жағдайын ойлағанда жүрегім су болды. Ой пәлі-ай, а? Мына ауылдың әкімі қайда қарап отыр екен? Шет елден келген қонақ қиналып қалатын болды ғой, әкім мырза!

74bafb406954e99ec825282a5f7623e9_med.jpg

- Үйімізде газ да, жылу да, су да жоқ....

844b11cfcfe7f988e4f67254817116d5_med.jpg

Қайран, Шәуілдірім....

f20cc3e8da87d9c1a0273ccbd2421fd2_med.jpg

Есігінің аузын құлыптамайтын қайран қазаққа не көрінген екен? Дәретхананы құлыптап тастапты. Әлде бұл, сары жігіттің ісі ме екен, ә?

b47c7c1a9233e78d721fa8dc22b1d84b_med.jpg

Мынау қоқыс төгетін жер. Масқара, масқара! Американдық жігітке обал болды-ау!

2600ce5c7120f0ad3287be5fa0a7b3dd_med.jpg

- Тоңазытқыш, кілем, жиһаздар жағынан досым Асқар көмектесті. Біздің ұйым айына 30 000 төлейді. Ол ақша пәтерге, көмірге, тамағыма және кейбір ұсақ-түйек дүниелерге кетеді.

Джонатан құрдас, қысылма! Біз секілді студенттерде ол да жоқ. Бірақ сенің ұйымың сараң екен. Сен байғұсты осынша шақырымға қуып жіберіп, отыз мың теңге беріп қойып, отыр ғой мәз болып. Өйткен АҚШ-ың бар болсын!

611415dbd7c1ef4e31ee9d78af6a9be5_med.jpg
Ата-анасына хат жібергелі жиналып жатыр...
f72599344c1a1077e3219c4e588adace_med.jpg

Жолда поштада істейтін Раушан апасын кездестіріп қалыпты. Апамыздың балалары осы жігіттің шәкірттері екен. Қайран, апам, риза сияқты. Енді ше?!  Ауылға америкадан адам күн сайын келе бермейді ғой!

0aa309b370550c573ebf323bc925288f_med.jpg

Пошта...

d15ec7387a2a583533d1ac61ce17559a_med.jpg

- Мектеп директорымен қарым қатынасымыз жақсы. Мен қазір сабаққа кіремін. Шәкірттерім 5-8 сынып оқушылары.

800d5d1d1208859e17b2f2307ccbd550_med.jpg

Осы мектепің мұғалімі Рая әпкемізбен қазақша сөйлесіп тұр.

831172c378fca3076fe842fc65d86b01_med.jpg

Біздің қара көз қыздар мен жігіттер. Ағылшынша үйреніп отыр. Бір Аллаға сиынып, Ал, балалар, оқыңдар!

8540f1f15c4308db97972d231f42e601_med.jpg

Оқушылар Дәкеңді «мистер Джон» деп атайды екен. Мистер, бізге де бір-екі ауыз сөз үйретпес пе екенсіз?

86a1deace3914f8c488ca63c057164ab_med.jpg

-    Оқығанды көңілге, Абай болып тоқылық дейді Джон.

17db642b38dea3832c3986bb48e45e2a_med.jpg

- Әзірге, осы. Жазда менің орныма волонтер қыз келеді. Оған дейін осында жігіттермен “тусоваться” етіп қалайын.

Біздің бастықтар қайда барғың келеді деп сұрамайды. Икеміңе қарай жіберіп отырады.
9d440d4359a443a9c27d48ba325c7fa3_med.jpg

- Осылайша мен Қазақстанға келіп қалдым. Еш өкінбеймін.

Тағдырдың салуымен басым айдауда дейсің ғой. Айдалудың көкесін біздің қазақтан сұра бауырым. Қазіргі күніміз жұмақ қой!

c1f9bd3298a0d99d673b11d233632489_med.jpg

- Ауылдың жігіттері қазақ қыздармен таныстырғысы келген. Бірақ мен бас тарттым, мені үйімде сүйіктім Октавия күтіп отыр.

Иә, түлкім. Солай еткенің өзіңе де, бізге де жақсы. Қарагөздеріміздің Корея мен Түркия асып жатқаны да жетеді бір басымызға!
b43de5d6744268eb22c44284e2ff17ca_med.jpg

Қайырлы түн Джонатан! Құдайым өзіңді пәле-жаладан сақтасын! Қонақ болып келіп тұрғайсың. Біздің ауылдың “тусовакасы” әзірге осындай. Сен қайта айналып келгенше Шәуілдірдің де жағдайы жақсарып қалар! Әлі-ақ 5 жұлдызды қонақ үйде, Шәуілдірдің табиғатына қарап рахаттанып жататын боласың! Бәрімізді сол күнге жеткізсін.

Дайындаған Еркебұлан САТҚАНБАЙ.

6 февраля 2011, 2:33
1101

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Рахмет, оте кызыкты
практика отет1н жер1н оздер1 тандайма??? Алде Корпус оз1 жеберед1 ме???

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Как казахстанцы могут получить кусок международного рынка аутсорса?

Как казахстанцы могут получить кусок международного рынка аутсорса?

Сокурсник Илона Маска инвестировал в образовательные проекты, и теперь хочет создать в Казахстане рабочие места на глобальном рынке аутсорса.
Zhumanova
18 мая 2017 / 13:38
  • 52215
  • 23
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
вчера / 11:08
  • 7827
  • 26
А-ля Астана: новый город начали строить на левом берегу Сырдарьи

А-ля Астана: новый город начали строить на левом берегу Сырдарьи

Свершилось! Сегодня в Кызылорде приступили к застройке левобережной части Сырдарьи. Через 10 лет на месте этого пустыря будет шумный и современный новый город, наш престижный деловой Левый берег!
socium_kzo
17 мая 2017 / 17:39
  • 5174
  • 8
Пристань для обиженных людей. Как Жарылкап Калыбай Родину поменял

Пристань для обиженных людей. Как Жарылкап Калыбай Родину поменял

Этот несомненно талантливый, яркий, достаточно харизматичный журналист приобрёл себе много поклонников в среде оппозиционно-либеральной интеллигенции. Теперь они вновь, стоя, аплодируют своему кумиру.
openqazaqstan
17 мая 2017 / 16:01
  • 4584
  • 57
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
22 мая 2017 / 23:29
  • 4090
  • 32
Кого нам ждать: обнародована культурно-развлекательная программа EXPO-2017

Кого нам ждать: обнародована культурно-развлекательная программа EXPO-2017

Рианны не будет (как и ожидалось, в общем-то). Зато будут Мумий Тролль с Би-2, Эрос Рамазотти, 30 Seconds to Mars, и даже почему-то Limp Bizkit. А также фестивали J Azzia и "The Spirit of Tengri".
Clair-de-la-Lune
18 мая 2017 / 1:19
  • 3987
  • 11
Алматинские проститутки превращаются в шпионок

Алматинские проститутки превращаются в шпионок

Попасть в притоны на алматинском проспекте Сейфуллина, которых, как бы ни старались полицейские, меньше не становится, теперь можно, только зная явки и пароли.
Mirogloff
19 мая 2017 / 13:25
  • 3961
  • 34
В Алматы доставили чудотворную икону «Умягчение злых сердец»

В Алматы доставили чудотворную икону «Умягчение злых сердец»

Икона "Умягчение злых сердец" несет особые - сакральные, духовные смыслы. Ее намоленность ощущается даже за те секунды, пока прикасаешься губами к образу.
ValentinaVladimirska
20 мая 2017 / 0:09
  • 2901
  • 0
Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Итак давайте сразу начистоту. Мне 29. Не замужем, никогда не была, детей нет. В душе я совсем не чувствую этот возраст. Каждый раз когда задумываюсь об этом больше чем на 3 минуты, меня накрывает...
user2017
вчера / 10:57