Жасасын ҚАЗАҚСТАН! Жасасын ҚАЗАҚИЯның намысқой қырандары!

Роллан Құспан 2011 M02 5
1065
2
0
0

26 алтын, 18 күміс, 15 қоламен Қазақ Елі алғашқы орынға тұрақтады! Намысты қолдан бермеген ұл қыздарымызға үлкен алғыс білдіремін! Мәреге  қолына Көк туымызды желбіретіп жеткен саңлақтарымызды...

26 алтын, 18 күміс, 15 қоламен Қазақ Елі алғашқы орынға тұрақтады! Намысты қолдан бермеген ұл қыздарымызға үлкен алғыс білдіремін! Мәреге  қолына Көк туымызды желбіретіп жеткен саңлақтарымызды көргенде көзіме еріксіз жас келді! Мен қуаныштымын! Алақай ағайын! Кешегі Азиаданың ашылуынан-ақ бәрі анық болғандай. Жиналған халықтың арманы осы болды! Бәріміздің тілегіміз орындалды, ағайын. Не деген қуаныш десеңші.  Бұл ел болып атқарған еңбектің тәтті жемісі! Ендігі кезек, біздің спорттағы ақсап қалған тұстарымызға көңіл бөліп, келесіде ондай қателіктер жібермеу жолдарын қарастыру керек. Жұмыла көтерген жүк жеңіл! Аққу, шортан һәм шаян болып біреуіміз өрге, біреуміз көрге тартпағандықтан біз бүгінгі жеңіске жеттік! Ардайымыз биіктен көрінейік! Спортшыларымыздың бүгінгі ерлігі ертеңгі біздің еліміз үшін атқарып жатқан қызметімізде де көрінсін! Алақай Ақ Азиаданың ақ шыңында Қазақтын КӨК ТУЫ желбірейтін болды! Артық айтсам кешірім сұраймын, қатты толқып отырмын. Жасасын ҚАЗАҚСТАН! Жасасын ҚАЗАҚИЯның намысқой қырандары!

Оцените пост

0

Комментарии

0
ОООО патриот жарайсын !!!!!!!
0
Әй осы Қазақия деген жақсы естілетін сияқты. Өз ойларың?
Показать комментарии
Дальше