Интернет - болашақ байлардың мекені

Ардабек Солдатбай December 25, 2010
695
0
0
0

Facebook, Groupon және Twitter сайттары керемет жылдамдықпен өсіп келеді. Қазір бұлардың қны 50 млрд. долларға жақындап қалды. Бұл «ЛУкойл» компаниясының құнымен бірдей болса, «Газпромның» құнының...

Facebook, Groupon және Twitter сайттары керемет жылдамдықпен өсіп келеді. Қазір бұлардың қны 50 млрд. долларға жақындап қалды. Бұл «ЛУкойл» компаниясының құнымен бірдей болса, «Газпромның» құнының үштен бірі деген сөзі.

Ресми емес мәліметтер бйоынша Facebook желісі 2010 жылы 2 млрд долларға жуық пайда тапты. Компания жұртқа табысын әлі әшкере жария еткен емес. Оның табысы туралы ақпаратты жариялаған Financial Times компанияға жақын жүретін адамдардың ақпаратына ғана сүйенген.

Жеңілдіктер сервисі Groupon келер жылы — $2 млрд доллар табыс таба алады дейді оның сырын білетіндер.

Осы екі интернет-компанияның миноритарлық акционері - Әлішер Усманов пен Юрий Мильнердің DST Global инвестициялық қоры.

Twitter микроблогтар сервисінің кірісі 2010 170 млн. долларға жетуі мүмкін. Ал 2013 жылы $1,5 млрд-қа жетіп қалуы ғажап емес. Бұл бағалаулар компанияның ішкі құжаттарында көрсетілген.DST инвесторлары Twitter-дің капиталына да қаражат салғысы келетін ниеттерні білдірген. Алайда, микроблогтар сервисінің акционері ретінде Kleiner Perkins Caufield & Byers инвестициялық қоры аталды. Ең соңғы сәтте америкалық компания ресейлік DST Global компаниясын әупіріммен сүріндірген. Twitter-дің құны 3,7 млрд. долларға бағаланып отыр. Бұл былтырғыдан төрт есеге көп.

Дәстүрлі емес интернет-компанияларды зерттеумен айналысатын Nyppex компаниясының бағалауынша , соңғы бес айда Facebook компаниясының құны 26,4 млрд. доллардан 41,2 млрд. долларға көтерілген.  Құны 4,8 млрд. долларға жеткен Groupon компаниясын Google сатып алады деген әңгіменің өзі-ақ компанияның құнын көтеріп жіберген.

Industry Ventures компаниясының негізін қалаушы Ханс Свилденс компаниялардың бұлайша жылдам дамуы тарихта ешқашан болған емес деп отыр.

Бағасы түсіп кеткендердің легін Digg әлеуметтік желісі бастап келеді. Бірнеше ай бұрын 170 млн. долларға бағаланған компанияның құны қазір 102 млн. доллар. Zynga әлеуметтік желісінің құны 8,2 пайызға құлдырады. Zynga-ның  кірісі — $600 млн. Осы ойын корпорациясыныңакционері тағы әлгі ресейлік инвестициялық қор DST Global.

Жалпы, соңғы жарты жылда 11 интернет-компанияның бағасы 54% болды.Инвесторлар болашақта әлеуметтік желілерден мол табыс табудан үмітті.

Есеп ТҮГЕЛОВ.

Оцените пост

0