ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТ ДІН ЕРКІНДІГІНІҢ КЕПІЛДІГІ
Еліміздің Конституциясына сәйкес азаматтарды тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты, сондай-ақ басқа да жағдаяттар бойынша кемсiтуге тыйым салынған. Конституцияның осы қағидалары дін саласын реттейтін қолданыстағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының 3-бабының 1-тармағында мемлекеттің дін мен діни бірлестіктерден бөлінгендігімен айқын көрсетілген.Латын тіліндегі «laicus» («лаицизм»), «saecularis» («секуляризация») сөздерінен бастау алатын «зайырлылық» ұғымы саясаттың діннен азат етілуі деген мағынада діни сенімдері мен көзқарастары әртүрлі азаматтардың бір мемлекеттің ішінде өмір сүруін және дінді мемлекеттен бөлу идеясының жүзеге асырылуын білдіреді. Осы тұрғыдан…