Үргеніш шаһарына сапар немесе Хорезм - "ислам ренессансы" ошақтарының бірі
Сапарымыздың үшінші күні біз Нөкіс-Үргеніш жолымен бағыт алғанымызды алдыңғы посттарымның бірінде жазған едім. Әуелгі жоспар бойынша Ташкенттен Самарқандқа, Самарқандтан Бұхараға, Бұқарадан Үргенішке поезбен шығуымыз керек болған, бірақ, бәрі сол уақытқа байланысты ғой, сондықтан, керісінше, Ташкенттен Нөкіске, Нөкістен Үргенішке бағыт алған бетіміз бар еді. Әлішер атты бауырымыз такси жүргізушіне апарып, табыстап кеткен. Бір байқағаным, Қарақалпақстанда Қазақстанды өте жақсы біледі, жүргізуші бауырымыз тіпті Атырауда тұрыпты. Оны айтасыз-ау, Нөкіс көшесінде ролик киген бала велосипедке мініп жатыр екен: "Құлап қаласың ғой?" десем, ол бала: "Қазақстаннан келдіңіздер ме? Қазақстанда тұрғанмын" дейді. Жалпы, қызық әсер.Әрине, Нөкістен Үршенішке дейін поезбен де жетуге болады. Бірақ, 170 шақ…

