ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ, 90 ЖЫЛ БҰРЫН КҮРЕСКЕНДЕЙ, ВИРУСҚА ҚАРСЫ ТҰРУДА
Материалға сүйенсек, сол кезде тәртіп сақшылары инфекциялық аурулардың таралуына қарсы күрескен. Сол жылдары халықты қырған – сүзек індеті болды. Мәселен, 1933 жылдың 28 қарашасы күні ғана сүзекке қарсы күрес бойынша профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін 28 хаттама толтырылған. Әсіресе, кейбір азаматтарды мәжбүрлі түрде жіберген моншалардың жұмысына ерекше көңіл бөлінді. Күн сайын милиция бастығы профилактикалық іс-шаралар жөнінде қалалық кеңеске баяндап тұрған. «Сүзек ауруын анықтау және антисанитарлық жағдайды жою мақсатында иеліктеріндегі 150 үй – тексерілді, 226 адам – моншаға жіберілді, 3 – ауру адам анықталды, санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін 14 хаттама толтырылды», - 1933 жылғы 25 қарашадағы мәлімет. Медицина және милиция қызметкерлері…