ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР – ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕНІҢ НАЗАРЫНДА
2020 жылдың 4 маусым күні «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобасы аясында Бәйтерек ауданының Махамбет ауылдық округінде азаматтарды қабылдау мен мониторинг жүргізілді.Шараға «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобасының жетекшісі Ә.Салиева, БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.Самет, Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары М.Залмұқанов, ауыл тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.Кездесу барысында «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобасының жетекшісі Ә.Салиева ауыл тұрғындарын аталған әлеуметтік мәселелерді сабырмен шешуге, тұрақтылық пен ауызбіршілікті сақтауға шақырды.Жергілікті тұрғындар газдандыру, ауыз су, спорттық алаңдар, жол мәселелері, мал жайылымына жер мен судың жетіспеушілігі мәселелерін көтерді.Сонымен қатар, ауыл тұрғындары 2017 жылы балаларға арналған ойын алаңын с…

