«ТУҒАН ЖЕР» ПАТРИОТТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТУРАЛЫ ФИЛЬМ ТҮСІРІЛДІ
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық Дельфий Комитеті, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Туған жер» патриоттық шығармашылық республикалық фестивалін өткізген болатын.Аталмыш патриоттық фестивальге Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі 14 пен 29 жас аралығындағы жас авторлар бақ сынады. Соның ішінде, Қызылорда облысынан қатысқан өнерпаздар бәйгеде оза шауып, ерекше өнерімен көзге түсті. Атап айтар болсақ, "Орындаушылық шығармашылық" аталымында ым-ишара тілінде ән салудан «Балауса» тобы жеңімпаз атанды. Қызылорда қаласындағы №6 есту қабілеті бұзылған балалардың арнайы мектеп интернатының тәрбиеленушілерінен құралған топ туралы фестивальдің ұйымдастырушылары шағын фильм түсірді. Осылайша, Отанға деген махаббатты…
