«Заманауи мектеп»
Бүгін «Nur Otan» партиясы Павлодар қалалық филиалының депутаттық фракция мүшелері «Заманауи мектеп» бағдарламасы аясында білім беру саласының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында қатысушылар Павлодар қаласында білім беруді дамыту, сондай-ақ мектептерді жаңғырту және қажетті жабдықтармен және мектеп жиһаздарымен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Айта кету керек, биыл өңірде жұмыс істеп тұрған оқу орындарына екі қосымша ғимарат салу туралы шешім қабылданды. Кездесуге қатысушылар заманауи мектеп оқушылардың қызығушылығын, сол жерде болуға құштарлықтарын ояту керектігін атап өтті. Осы мақсатта жазда іргелес аумақтардың экстерьері, интерьері мен абаттандырылуының бірыңғай стандарты әзірленді. Мектептер енді өзіндік фирмалық стилге ие. Осы тұжырымдамаға сәйкес қала мектептерінің бір бөлі…