«Заманауи мектеп»
Бүгін «Nur Otan» партиясы Павлодар қалалық филиалының депутаттық фракция мүшелері «Заманауи мектеп» бағдарламасы аясында білім беру саласының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында қатысушылар Павлодар қаласында білім беруді дамыту, сондай-ақ мектептерді жаңғырту және қажетті жабдықтармен және мектеп жиһаздарымен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Айта кету керек, биыл өңірде жұмыс істеп тұрған оқу орындарына екі қосымша ғимарат салу туралы шешім қабылданды. Кездесуге қатысушылар заманауи мектеп оқушылардың қызығушылығын, сол жерде болуға құштарлықтарын ояту керектігін атап өтті. Осы мақсатта жазда іргелес аумақтардың экстерьері, интерьері мен абаттандырылуының бірыңғай стандарты әзірленді. Мектептер енді өзіндік фирмалық стилге ие. Осы тұжырымдамаға сәйкес қала мектептерінің бір бөлігі абаттандырылды. Сегодня прошла встреча членов депутатской фракции Павлодарского городского филиала партии «Nur Otan» с представителями сферы образования в рамках программы «Заманауи мектеп». В ходе встречи присутствующие обсудили вопросы развития образования в городе Павлодаре, а также модернизацию и обеспечение школ необходимым оборудованием и школьной мебелью. Стоит отметить, что в регионе в этом году также было решено построить две пристройки к действующим учебным заведениям. Участники встречи отметили, что современная школа должна вызывать интерес у учащихся и желание там находиться. С этой целью еще летом был разработан единый стандарт экстерьера, интерьера и благоустройства прилегающих территорий. Школы теперь имеют свой фирменный стиль. Согласно этому концепту часть школ города уже были благоустроены. #NurOtan
