«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XXXVII КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Конференцияның күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының Жаңаөзен қаласы бойынша бағдарламасын бекіту, Маңғыстау облыстық мәслихатының партия тізіміне үміткерлерге дауыс берудің қорытындысын шығару, «Nur Otan» партиясы Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімін бекіту, «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының ХХXVII кезектен тыс конференциясына қатысатын делегаттардың тізімін бекіту және партияның қалалық филилалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.«Nur Otan» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалының төрағасы Мақсат Ибағаровтың төрағалығымен өткен кезектен тыс XXXVII конференцияға барлығы 61 делегат қатысты.Конференция барысында облыстық партиялық тізімге үміткерлер арасында «сұрақ-жауап» түрінде пікірсайыстар өтті. Пікірсайысқа…
