ТҮРКІСТАН: 2 АЙҒА ЖЕТЕТІН ДӘРІ-ДӘРМЕК ҚОРЫ САҚТАУЛЫ
Түркістан қаласында коронавирустың таралуын шектеу бағытында қандай жұмыс жүргізіліп жатыр? Дәрі-дәрмек жеткілікті ме? Міне, осы және өзге де сұрақтарға Түркістан қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Жанболат Ділдәбеков тікелей эфирде жауап берді. Бұл онлайн жүздесу «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының ресми парақшалары арқылы көрсетілді. Бас дәрігердің айтуынша, бүгінде қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында корноавирус індетін жұқтырған науқас жоқ. Дегенмен сақтық шараларын сақтамаса болмайды. Еуропа елдері мен көршілес Ресейде пандемия қайта бас көтерді. Осы деректерге тоқталған Жанболат Ділдәбеков пандемияның алғашқы толқынында өзі басқаратын ауруханада 325 қызметкер үздіксіз қызмет еткенін атап өтті. «Пандемия кезінде 250 орындық станционарда 849 науқас кара…

