Алматыда ALMATY MOVE қалалық жобасы басталды: жүздеген отбасы демалысын белсенді өткізді
Алматы қаласы Спорт басқармасының бастамасымен бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын және отбасылық демалысты насихаттауға бағытталған ALMATY MOVE жаңа қалалық жобасы басталды. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері хабарлады.Алматының барлық сегіз ауданын қамтитын жоба маусымнан қыркүйекке дейін әр демалыс сайын өткізіледі.





