МАҢҒЫСТАУДА 6 МЫҢНАН АСТАМ МӘДЕНИ ШАРА ОНЛАЙН ӨТТІ
Елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты мәдени ошақтары қашықтан жұмыс жасап, іс-шаралар онлайн режимде өтті.Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Пәния Сармурзина мәлім етті. Оның айтуынша әлеуметтік желілер (ютуб, инстаграм, фейсбук) арқылы спектакльдер, тікелей сұхбаттар, шығармашылық бейнебаяндар (проза, поэзия, өлеңдер) көрермен назарына ұсынылды.«Әлемдік індетпен күреске жұмылған ел-жұртымыздың ынтымақ-бірлігін бейнелей отырып, қоғамның азаматтық позициясын өнер арқылы көрсету, азаматтық және қызметтік борышын орындау жолында демалыссыз жұмыс істеп, барлығы 6 мыңнан астам іс-шара өткіздік. Тәуекелге бел буған жандардың жанқиярлық еңбегіне алғыс білдіру мақсатында облысты…
