Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МАҢҒЫСТАУДА І ЖӘНЕ II ДЕҢГЕЙЛІ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРЛАРДА 51 НАУҚАС ЖАТЫР

МАҢҒЫСТАУДА І ЖӘНЕ II ДЕҢГЕЙЛІ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРЛАРДА 51 НАУҚАС ЖАТЫР

Маңғыстауда 3 желтоқсандағы жағдайға сәйкес, I-II деңгейлі инфекциялық стационарларда 51 адам ем қабылдап жатыр. Бұл туралы облыстың коммуникация орталығы хабарлайды.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сол 51 науқастың ішінде 8-де коронавирусқа тапсырған сынама оң нәтиже көрсеткен.

Қазіргі уақытта орта дәрежелі жағдайда 39, жағдайы ауыр халде 10 науқас, өте ауыр хәлде 2 науқас бар.

Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп. Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 12 пайызды құрайды.

Облыс көлемінде 412 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны 54. Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған карантиндік стационарларда барлығы 270 төсек орын бар.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Еще по теме

МАҢҒЫСТАУДА І ЖӘНЕ II ДЕҢГЕЙЛІ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРЛАРДА 51 НАУҚАС ЖАТЫР - Yvision.kz