ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ОТЫРЫС ӨТТІ.
Отырысқа Түпқараған аудандық білім бөліміне қарасты 4 мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Отырыс барысында зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында мектептердің атқарып жатқан жұмыстарын баяндады."Ж.Мыңбаев мектеп-гимназиясында жоғары сынып оқушыларына "Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады" тақыбырында аудандық үздік эссе байқауына оқушылардың жұмыстары жіберілді. 16 қараша күні барлық сынып жетекшілер "Біз өз мәселелеріміз туралы" атты тақырыпта сынып сағаттарын өткізді. Мектеп психологы Дина Абилгереева 11 сынып оқушыларына "Менің эмоцияларым" тақырыбында оқушыларға тренинг өткізді. Кәмелетке толмағандарға қатысты қатыгез қарау және Зорлық-зомбылық мәселелері бойынша сенім телефоны жұмыс істейді. Сонымен қатар күзгі демалыс кезінде 13-15 қараша күндері түнгі ме…

