ТҮРКІСТАН-САРЫАҒАШ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Штаб төрағасы сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі 10 желтоқсан күні сағат 18:00-де басталғанын хабарлай келе, аудандық штаб алдағы науқанға толық дайындығы туралы айтты.Штаб құрамы білім, ғылым, азаматтық сектор, бизнес өкілдерін құралған жалпы 17 адаммен қамтылған.«Нұротандықтар» Партияның 7 бағыттан тұратын өңірлік сайлауалды бағдарламасын елге насихаттау, түсіндіру бағытында жұмыс атқарады. Партияның басты ұраны: «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!».Саяси науқанға партия атынан біздің ауданда облыстық мәслихатқа 10, аудандық мәслихатқа 44 кандидат қатысады. Сонымен қатар, штаб жанынан белсенді үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыру үшін «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері мен партияның жас жақтастары белсене атсалысып, партияның сайлауалды бағдарламасын жұртшылыққа жан-жақты…



