Перейти к содержимому

Новое

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА ОНЛАЙН ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

 1999 жылы негізі қаланған партияның қатарына миллиондаған қазақстандықты қосып, еліміздегі саяси және экономикалық реформалардың басты бастамашысы және іске асырушысы болып отыр. Әрдайым халықтың пікіріне сүйеніп, мүддесі мен қажеттілігін біліп отыруды алдыңғы орынға қояды.

Партияның мемлекетіміздің дамуы, халықтың әл-ауқатының көтерілуі жолында жасаған жұмыстарында шек жоқ деуге болады. Партияның қызметі өткенмен тоқтамақ емес, алға жылжып, жақсару, кемелдену бағытында дамымақ. «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» атты ұранмен ауыл шаруашылығын дамыту, ауылдың әл-ауқатын көтеру, медицинаға қолдау, дәрігерлердің жалақысын көтеру, тұрақты жұмыс орындарын ашу,  мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тең мүмкіндік, қарттарға қамқорлық, сапалы білім, заң, кәсіпкерлік, жалпы барлық салада прогресс жасауға мүдделі.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, «Nur Otan»-ның халықпен бірге еңсерген жетістіктері мен алдағы жоспарлары жөнінде облыстық мәслихат депутатына кандидаттар Серікбай Төлетов пен Бақтыбай Жайлау «Zoom» платформасы арқылы сайлаушылармен онлайн кездесуде толық таныстырып өтті. Партияның сайлауалды бағдарламасының аймақтарға арналған басым бағыттарын айтты.

Эфирге тұрғындар, қала-аудандардағы бастауыш партия ұйымы мүшелері мен мәслихат депутатына түсіп жатқан кандидаттар да белсенді қатысты. Сұрақ-жауаптан бөлек, спикерлерге ұсыныстар да айтылды. Б.Жайлау барлық мәселе, ұсыныс маңызға алынып, алдағы жұмыс жоспарына енгізілетінін жеткзді

0
0
129

«АҚ БИДАЙ-ТЕРМИНАЛ» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Кездесу барысында өңірлік сайлауалды штабының мүшесі Римма Өтесбаева өз сайлаушыларын партияның рөлі мен міндеттері туралы әңгімелеп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен егжей-тегжейлі таныстырды.

«Маңғыстау облысының ауылшаруашылық саласында жаңа өндірістік қуаттарды салу маңызды.  Атап айтқанда, 2023 жылға дейін қуаттылығы 15 мың тонна құрайтын жем зауытының, құс фабрикасының құрылысы, сондай-ақ Мұнайлы ауданында 2025 жылға дейін сыйымдылығы 5 мың тонна болатын ірі қоймалар салу », - деді облыстық мәслихат депутатына кандидат Ақылбай Сапаров.

«Ақ бидай» кәсіпорнының жұмысшыларымен онлайн-кездесу кезінде облыстық штабтың мүшесі Иса Бимырзаев партия мүшелері біздің аймағымызда экономикалық дамудың тұрақтылығы мен жаңа жұмыс орындарының ашылуы үшін барлық күш-жігерін салып жатқанын атап өтті.

Кездесу соңында И.Бимырзаев сайлаушыларды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
116

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

Атап айтар болсақ, жазбаша түрде 11, ауызша түрде 34, электронды почта арқылы 2, телефон арқылы 30.

Өтініштерге талдау жасасақ, тұрғындарды негізінен әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жер және тұрғын үй бөлу және жұмыссыздық бойынша мәселелері көбірек алаңдататыны белгілі болды. 15 мәселе жер және тұрғын үй бөлу, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бойынша 19 сұрақ, жұмыссыздық бойынша 18 сұрақ, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша 21 сұрақ, халықты құжаттандыру және тіркеу бойынша 1 мәселе айтылды. Сондай-ақ денсаулық саласы бойынша да тұрғындардың көкейтесті сұрақтары қойылды. Нәтижесінде 54 өтінішке түсініктеме беріліп, 23-і бойынша жұмыстар басталды.​ ​

11 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында жұмыс жасайтын штабтың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде «Nur Otan» партиясы атынан тізімге енген кандидаттар, сондай-ақ, партияның сенім білдірген азаматтары тұрғындарды онлайн-форматта, жеке, телефон арқылы да қабылдайды.

Қабылдауға жазылу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады:

📲 8 (7292) 42 97 37, 8​ 778​ 387 46 43

0
0
156

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

Партияның өңірді дамыту бағдарламасы, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстары, маңызды құжаттары, саяси белсенділігі толығымен айтылды. Әлеуметпен тікелей байланыста қызмет ететін жұмысшылардың қызметіне байланысты ұсыныстары, өңірдің дамуына қатысты сауалдары сұралды. Халыққа қызмет көрсету орталығы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрландыру жұмыстары жүргізілген, жұмыс жасауға барлық жағдай жасалған, халықты ғимаратқа келуге міндеттемеу мақсатында құжаттарды электронды түрде беру шаралары жүзеге асырылғандығы айтылды.

Цифрландыру саясатының негізгі мақсаты – халыққа қызмет көрсету орталықтарының ісін оңтайландыру. Бүгінгі таңда электронды үкімет порталы арқылы кез келген мемлекеттік қызметке онлайн қол жеткізу мүмкіндігі туды. Бұл әсіресе биыл әлемге таралған пандемия кезеңінде оң септігін тигізді. Әсіресе азаматтарды тіркеу, есептен шығару, құжаттандандыру, құжаттарды қабылдау сынды қызметтер түрлерін үйден шықпай-ақ алу мүмкіндігі туды.

Халықпен байланыс деңгейін жоғарылату және бәсекеге қабілеттікті жақсарту мақсатында "Nur Otan" партиясы да цифрландыру жолында жұмыстанып жатқаны айтылды. Бұл өз кезегінде ақпаратқа қолжетімділікті, дереу байланысқа шығу, халықтың ұсыныстарын, талап-тілектерін, қажеттіліктерін біліп отыруға, бір сөзбен айтқанда байланысты нығайтады.

Кездесуді жүргізген облыстық штаб мүшелері Жақсыгүл Махамбетова, Людмила Меңдіғалиева, Сағатбек Жұбанов «Nur Otan» партиясының халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмысы жалғаса беретінін жеткізіп, партия – барлығы үшін ашық екенін айтты. Қызметкерлер оң бағаларын беріп, партияны қолдайтындарын жеткізді.

0
0
144

ОҚЫТУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ

Халық қалаулысы болуға үмітті азаматтар Елубай Әбілов, Бекмұрат Жүсіпов және партия ардагері Ерғали Құрашев партияның атқарған және жоспарлаған жұмыстарына тоқталып, толыққынды ақпарат берді.

- Биылғы сайлау ерекше ұйымдастырылып отыр. Кез келген ел азаматына додаға қатысып, бағын сынауға мүмкіндік берілді. Нәтижесінде ниеттілер тең құқықта өз кандидатурасын ұсынып, жаңа тұлғалардың есімі белгілі болды. Одан қалса 30 %-дық басымдық әйел азаматтар мен 29-жасқа дейінгі жастарға берілді. Партия жұмыстары жаңғырды, биылғы сайлауалды бағдарлама әр өңірге сараптама жүргізіле отырып жеке-жеке жасақталды, - деген Е.Әбілов колледж ұжымын партияға қолдау танытуды сұрады.

Колледж директоры Зарипа Шолтанова бірнеше жылдық тарихы бар оқу ордасына бас сұққан азаматтарға рахметін жеткізіп, колледжді бүгінгі заманға сай жабдықтауға нұротандықтардың үлкен үлесі болады деген сенімін білдірді

0
0
114

КАНВАССИНГ

Жаңаөзенде соңғы жылдары туу мен табиғи өсім жоғары. Мұнайлы өлке Қазақстан бойынша алғашқы орында.

"Әр бала өмірге өз несібесімен келетіні рас, біз дүниеге ұрпақ әкелген сайын елдің де әл-ауқаты көтеріліп келеді" деп жылы лебіздерін білдірді қаһарман-аналар.

Сапар кезінде Рахат ауылындағы интернет байланысының әлсіз екені байқалды. Аналар үкіметтен тегін  ноутбук пен планшеттер алып, жәрдем көріп отырғандарын жеткізді.

Партиямыздың басты бағыттарының бірі - Ана мен бала денсаулығы мен халық санының өсуі.

Партия өкілі аналар айтқан тілектерді тыңдап, ұсыныстары мен мәселелерді жазып алды.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз

0
0
157

ТҰРҒЫНДАРМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ

Оспан Дәденұлы «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!» ұранымен партияның сайлауалды бағдарламасын халыққа түсіндіріп,  20 жылдан аса тарихы бар еліміздің жетекші партиясының күні бүгінге дейін атқарған жұмыстары туралы сөз етті. Сондай-ақ партияның  саяси күш ретінде мемлекетіміздің дамуы жолында, оның ішінде әр өңірдің әлеуетін арттырудағы оң бастамаларын жеткізіп, партияның басты міндеттерінің бірі елдің, халықтың сенімін ақтау екенін баса айтты.

Еркін форматта өткен кездесуде сайлаушыларға сайлауалды бағдарламада көрсетілген негізгі 7 басымдыққа топтастырылған бағдарламаны түсіндіре отырып, екі жақты пікір алмасты. Сайлаушылар ауылдарына қатысты көкейтесті мәселеріне тұщымды жауаптар алды.

0
0
163

КАНВАССИНГ

ҚР Парламент Мәжілісі депутатына үміткер Еділ Жаңбыршин және облыстық мәслихат депутатына үміткерлер Жұлдыз Мұханбетқалиқызы, Бердіғали Берекетов, Жанболат Саймағанбетов "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында көпбалалы бірнеше отбасының үйіне барды. Жаңаөзен қаласына қарасты Рахат ауылында тұратын отбасылардың айтуынша, мемлекет тарапынан әлеуметтік көмектерін уақытында алып отыр және де су, тоқ, газ мәселесі шешілген.  Тек "әттеген-ай" дейтін тұсы ғаламтор жылдамдығының әлсіздігі. Осы себептен мектеп жасындағы балаларына онлайн сабақ оқуға қиын болып отыр екен. Бұл мәселені жергілікті әкімдік білетінін және оны шешуге жұмыстанып жатқанын партияның қалалық штабының орынбасары Майлыбай Өтебаев айтып өтті.

Кандидаттар жаңаөзендік отбасыларды сайлауға бірауыздан қатысып, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге үгіттеді.

#NurOtan

0
0
133

Кандидат в депутаты от Nur Otanа Аветик Амирханян развесил казахстанские флаги

Кандидат в депутаты областного маслихата от партии «Nur Otan» Аветик Амирханян праздничный день начал с акции «Мой флаг – моя Родина».

«Ценю День независимости Казахстана, ценю наш флаг. Мы повесили флаги на наш дом, в котором я живу, и на соседние дома, - рассказал кандидат в депутаты. - Этот флаг я поднимал не только в Казахстане, но и в других странах. Десять лет тому назад поднял казахстанский флаг в Армении и только после этого мы начали свое семейное мероприятие.»

Аветик Рубенович заехал в Уральскую Епархию для того, чтобы поздравить с Днём независимости Казахстана Владыку Антония. Пожелал ему здоровья и благополучия.

«Я приехал в Казахстан 30 лет назад и сразу принял казахстанское гражданство. Жалею, что тогда сразу не нанял преподавателя, чтобы выучить казахский язык, - поделился архиеписком актюбинский и Уральский Антоний. – Посмотрите, что творится в других странах, а в Казахстане все благополучно. И это благодаря политике Елбасы.»

Далее кандидат в депутаты поздравил с Днём независимости РК многодетную семью Фариды Магзумовой. У женщины четверо детей, и малыши, несмотря на малолетство, уже знают о празднике - Дне независимости РК.

Многодетная мама и ее старшая дочь сказали, что доверяют именно Nur Otanу как заботящемуся о многодетных, знают, что партия особое внимание уделяет детям. Старшие из семьи Магзумовых заверили, что обязательно придут на выборы 10 января 2021 года.

«От Ассамблеи народа Казахстана ЗКО, от депутатов областного маслихата, от себя лично – всех поздравляю с праздником Дня независимости Республики Казахстан! Желаю мира, стабильности и процветания нашему Казахстану! Чтобы в каждом доме был уют и душевное тепло», - пожелал Аветик Амирханян.

#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo

қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

преодолев испытания, победим вместе!

0
0
209

Агитационная встреча кандидата

В ходе встречи доверенное лицо кандидата Шарипов МС  обсудил вопрос повышения качества дорог,отметил ,что планируется довести долю дорог местного значения в хорошем и удовлетворительном состоянии с31% до 50% до 2025 года. Компания АО Аксайавтотранс занимается перевозками грузов, перевозкой пассажиров, потому вопрос состояния дорог очень важен .Также Шарипов МС отметил, что компания ТОО  Аксайбизнесстрой , руководителем , которой являетсяАгаевАА непосредственно занимается ремонтом дорог, В году было отремонтированы внутридворовые дороги 5 и 10 микрорайоне , завершился ремонт 14 улиц южной части города . На следующий год также запланированы капитальные ремонты дорог. Их компания выполняет работу качественно и в срок , на , что руководитель уделяет особое внимание. Вконце выступления доверенное лицо призвало всех присутствующих принять активно еучастие на выборах и отдать свой голос

0
0
154