ОҚЫТУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ
Халық қалаулысы болуға үмітті азаматтар Елубай Әбілов, Бекмұрат Жүсіпов және партия ардагері Ерғали Құрашев партияның атқарған және жоспарлаған жұмыстарына тоқталып, толыққынды ақпарат берді.
- Биылғы сайлау ерекше ұйымдастырылып отыр. Кез келген ел азаматына додаға қатысып, бағын сынауға мүмкіндік берілді. Нәтижесінде ниеттілер тең құқықта өз кандидатурасын ұсынып, жаңа тұлғалардың есімі белгілі болды. Одан қалса 30 %-дық басымдық әйел азаматтар мен 29-жасқа дейінгі жастарға берілді. Партия жұмыстары жаңғырды, биылғы сайлауалды бағдарлама әр өңірге сараптама жүргізіле отырып жеке-жеке жасақталды, - деген Е.Әбілов колледж ұжымын партияға қолдау танытуды сұрады.
Колледж директоры Зарипа Шолтанова бірнеше жылдық тарихы бар оқу ордасына бас сұққан азаматтарға рахметін жеткізіп, колледжді бүгінгі заманға сай жабдықтауға нұротандықтардың үлкен үлесі болады деген сенімін білдірді
