Перейти к содержимому

Новое

ЖАСТАРҒА МҮМКІНДІК МОЛ

Кездесу барысында үміткерлер жастарға қолжетімді жобалар мен «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасы шеңберінде жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді арттыру мақсатында қолға алынған бағдарламалардың мақсаты мен міндеттері түсіндірілді. Жастармен өткен кездесуде белсенді жастар үміткерлерге кәсіпкерлікті дамыту, білім саласы, ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына қатысты сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды. Сонымен қатар кездесуде үміткерлер партияның осы уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері мен алдағы уақыттағы атқарылатын жұмыстарын тілге тиек етіп, жастарды партияны қолдауға шақырды.

Казталов ауданында 6500-ден астам жастар бар. Жалпы есеппен алғанда халықтың 23 пайызын құрайды. «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасында көрсетілген жеті бағыттың бірі - «Жастарға арналған аудан» бағыты. Бұл бағыттың басты мақсаты – 2025 жылға қарай мемлекеттік органдармен бірге ауылдық жерлерге жастарды тарту және оларды жұмыспен қамтуды, олардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруы және әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау.

«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы

0
0
248

Директор компании «DWS group» Финогенов Максим

Компания вошла в десятку лидеров отрасли Казахстана.
Организовал эко-проект по развитию зоны отдыха и туризма «Рыбацкая Усадьба», создали современное высоко эффективное предприятие по выращиванию товарной рыбы. На сегодняшний день собственноручно и с помощью сотрудников посадили более 5000 деревьев, своими силами восстановили и привели в экологически здоровое состояние вводный объект площадью более 150 гектаров. В 2017 году компания произвела масштабную модернизацию, в результате чего наша оконная продукция получила подтверждение качества в международных институтах оценки качества России и Европы, за последние 3 года компания построила более 55 000 м2 высокотехнологичных производственных площадей. С 1991 года являюсь добровольным донором. Являюсь активным участником развития рекреационных зон по всему Казахстану, - пишет Максим Владимирович

0
0
385

«NUR OTAN» ЖОСПАРЫ: САЙРАМ ГАЗБЕН 100 ПАЙЫЗ ҚАМТЫЛАДЫ

Алдағы жылдары  Сайрам ауданында 9 мектеп салынады. Сондай-ақ, 10 білім ұясына   күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 2025 жылға дейін 5600 мұғалім  біліктілік арттыру курстарында оқитын болады. Бұдан бөлек, әлеуметтік осал топтағы балаларды үйде онлайн режимінде оқыту үшін 5096 дана, яғни 74,94 пайыз компьютерлік техника сатып алынып, интернет желісімен қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар ауданда 2025 жылға дейін 2500 жаңа жұмыс орыны ашылып, «Еңбек» бағдарламасы аясында 7339 адам жұмысқа тартылады. Оның ішінде 3530-ы тұрақты жұмыс орны болады. Бүгін осы және өзге де жоба-жоспарлар туралы Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесіп,  үгіт-насихат жүргізген облыстық сайлауалды штаб мүшелері айтып берді.

«Nur Otan»  партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат үміткері Бейсен Тәжібаев бастаған насихат тобы алдымен Қарабұлақ ауылдық мәдениет үйінде  ауыл тұрғындарымен кездесті. Тұрғындарға үміткерлер алдағы 5 жылда атқарылатын жұмыстарды баяндады.

«Еліміздегі көшбасшы «Nur Otan»  партиясының сайлауалды бағдарламасы нағыз халықтың көкейтесті мәселелерінен жинақталды. Бағдарламада қамтылмаған сала жоқ. Мәселен, алдағы 5 жылда Сайрам ауданында 9 мектеп бой көтерсе, 10 білім ұясы күрделі жөндеуден өтеді. Бұл білім саласына қатысты атқарылатын тірліктер. Бұдан бөлек,  «Nur Otan» партиясы тұрғын үй қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Сайрам ауданында сметалық құны 2,6 млрд. теңгені құрайтын  5 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізуге ықпал етеді.  Бұған дейін жекелеген үміткерлер уәде беретін, қазір партия атынан барлық мәселе шешімін табатытын болады», – деді Бейсен Дәулетұлы.

Кездесуде Қарабұлақ ауылының тұрғындары өзекті деген мәселелерді көтерді. Соның бірі – ауылшаруашылық бағытындағы жерлерге салынған үйлердің  құжаттарын рәсімдеу. Сондай-ақ олар ауыл шаруашылығы саласына байланысты ағын су мәселесін қозғады.  Тұрғындар ауыз су мәселесі де бар екенін жасырмады. Бүгінгі таңда  Сайрам ауданында 42 елді мекеннің 41 ауылы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Яғни бұл 97,6 пайызды құрайды. 1321,6 шақырым сумен жабдықтау желілері бар. Десек те, партия 2025 жылға дейін аудан тұрғындарын орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз ету және ауыз су кестемен берілетін елді мекендерді үздіксіз ауыз сумен қамту міндетін қойып отыр.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

Қарабұлақ ауылына ауыз су жүйелерінің құрылысын жүргізуге;

үздіксіз ауыз сумен қамтылмаған Нұржанқорған, Қожақорған елді мекендеріне (14473 тұрғын) ауыз су құбырларының құрылысын жүргізуге ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылы орталықтандырылған ауыз сумен аудан тұрғындары 100 пайыз қамтамасыз етіледі.

Сайрам ауданында 42 елді мекеннің 19 –ы (45,2%) табиғи газбен қамтылған, яғни 23 елді мекен (45676 тұрғын) көгілдір отынмен қамтылмаған. Партия 2024 жылға дейін аудан тұрғындарын табиғи газбен 100 пайыз  қамтамасыз ету міндетін қойып отыр.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:  23 ауылдың тұрғындарын табиғи газбен толық қамтамасыз етуге, оның ішінде:  1-ші кезеңде 633,5 шақырым газ құбырлары жүргізілген 18 елді мекенді (Қасымбек датқа, Нұржанқорған, Қожақорған, Ханқорған, Қосбұлақ, Әсіларық, Шіркін, Шапырашты, Ошақты, Құрлық, Оразалиев, Теспе, Тоған, Таскешу, Сарыарық, Жаңатұрмыс, Ақсуабад, Береке) №20 АГРС-ке қосып, көгілдір отынмен қамтуға;

2-ші кезеңде 5 елді мекенге (Көлкент, Құтарыс, Қызылжар, Ақарыс, Оймауыт) ұзындығы 166,8 шақырым газ құбырын салуға ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылға дейін аудан тұрғындары табиғи газбен 100 пайыз  яғни  45676 аудан тұрғыны қамтамасыз етілмек.

Мұнан соң облыстық сайлауалды штаб мүшелері Жібек жолы ауыл округінің тұрғындарымен көшеде кездесіп, пікір алмасты. Сондай-ақ насихат тобы «Есіктен есікке»  акциясы аясында Манкент ауылындағы жеке үйлерге кіріп,  проблемалық түйткілдерді талқылады. Манкенттік тұрғындар ауылдағы мектеп пен мәдениет үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін қозғады.

Штаб мүшелері аудандық филиал ғимаратында ауған соғысы ардагерлерімен де кездесті. Пікір алмасу кезінде ауғандық ардагерлердің емдеу шаралары тиісті деңгейде қолға алынса екен деген ұсыныстарын жеткізді.

Аудандағы сапар барысында штаб мүшелері «НИК» сауда үйінің қызметкерлерімен экспромт кездесу өткізді. Сондай-ақ, Қарамұрт ауыл округінің тұрғындарымен жүздесіп, проблемалық мәселелерді талқылады.

«Nur Otan»  партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

1
0
174

ПЛАНЫ "NUR OTAN": САЙРАМ БУДЕТ НА 100% ОБЕСПЕЧЕН ПРИРОДНЫМ ГАЗОМ

В ближайшие годы в Сайрамском районе построят 9 школ. Также будет проведен капитальный ремонт 10 образовательных учреждений. До 2025 года 5600 учителей будут обучаться на курсах повышения квалификации. Кроме того, для обучения детей из социально уязвимых слоев населения на дому в режиме онлайн будет приобретено 5096 единиц компьютерной техники, что составляет 74,94% и установят  сеть  интернет. Также  до 2025 года в районе будет создано 2500 новых рабочих мест, в рамках программы «Еңбек» будет задействовано 7339 человек. Из них 3530 будут иметь постоянные рабочие места. Об этих и других проектах-планах сегодня рассказали члены областного предвыборного штаба, которые встретились с жителями Сайрамского района и провели агитационную работу.

Агитбригада во главе с первым заместителем председателя Туркестанского областного филиала партии «Nur Otan", кандидатом областного маслихата Бейсеном Тажибаевым вначале встретилась с жителями села в Карабулакском сельском.  Здесь речь шла  о проделанной  партией работе в ближайшие 5 лет.

"В предвыборной  программе  ведущей партии страны «Nur Otan" затронуты насущные вопросы и проблемы, волнующие  жителей.  К примеру, в Сайрамском районе в ближайшие 5 лет будет построено 9 школ, 10 образовательных учреждений будут капитально отремонтированы. Это все, что касается сферы образования. Кроме того, для обеспечения доступности жилья партией "Nur Otan" в Сайрамском районе возведут 5 многоэтажных жилых домов, сметная стоимость которых  составляет 2,6 млрд. тенге.  Ранее отдельные кандидаты тоже обещали, но сейчас все эти вопросы от партии обязательно будут решены", - сказал Бейсен Даулетулы.

На встрече были подняты актуальные вопросы жителей села Карабулак. Один из них - оформление документов на дома, построенные на землях сельскохозяйственного назначения. Они также затронули проблему сточных вод, связанных с сельскохозяйственной отраслью. Жители не скрывали, что есть проблема с питьевой водой. На сегодняшний день в Сайрамском районе из 42 населенных пунктов  41 село обеспечено  централизованной питьевой водой. То есть, это составляет  97,6 процента. Имеется 1321,6 км сетей водоснабжения. Тем не менее, партия ставит задачу до 2025 года обеспечить население района централизованной питьевой водой на 100% и обеспечить бесперебойное питьевое водоснабжение населенных пунктов, где питьевая вода подается по графику.

2
0
195

ТҮРКІСТАН: НҰРОТАНДЫҚ ҮМІТКЕР АҚСАҚАЛҒА ҚАНДАЙ УӘДЕ БЕРДІ

Бүгінде Түркістан облысында "Nur Otan" партиясының өкілдері елмен жүздесіп жатыр. Солардың бірі – облыстық мәслихатқа үміткер Нұралы Давлетияров. Ол Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округінің тұрғыны, ауыл биі Абай Әбдірайымовтың шаңырағына бас сұғып, канвассинг кездесу өткізді.

Кездесуде үміткер Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Абай ақсақал инфрақұрылым мәселесін қозғады. Үміткер "Nur Otan" партиясының 5 жылға арналған сайлауалды бағдарламасында бұл мәселе қамтылғанын атап өтіп, инфрақұрылым түйткілі шешілетіні жөнінде уәде берді.

Ауыл биі "Nur Otan" партиясын қолдайтынын және партияға дауыс беретінін айтып өтті.

«Nur Otan» партиясы жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, қолайлы экологиялық жағдайды қолдауға бағытталған «Құтты мекен», «Ауыл – ел бесігі» жобаларын жүзеге асыруға өз үлесін қосады.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы бойынша

2021 жылы 714 шақырым автожолдың, 2022 жылы 716,2 шақырым автожолдың, 2023 жылы 719,5 шақырым автожолдың, 2024 жылы 723 шақырым автожолдың, 2025 жылы 728 км автожолдың жөнделуіне ықпал етеді.

2020 жылы Түркістандағы халықаралық әуежай құрылысының 1-кезеңі, ал 2024 жылы 2-кезеңі аяқталуын бақылауда ұстайды;

2023 жылы Түркістанда жаңа темір жол вокзалы құрылысына ықпал етеді.

Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 90%-ға дейін арттырылады.

Баршаңыз партияны қолдап, дауыс беріңіздер!

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

2
0
222

Директор компании АО “ДСУ-13” Грачёв Михаил Владимирович

В конце 2018 года был избран на довыборах депутатом по 36-му избирательному округу Турксибского района, с того времени все объекты строительства по этому округу не обходятся без моего участия, постоянно провожу партийный контроль и участие в плановых работах. Как патриот своего округа я борюсь за качество жизни наших окружан и сейчас с моим участием в нашем округе выполнено на 100% благоустроуство всех дворовых территории, в каждой школе нашего округа есть великолепное футбольное поле с искусственным покрытием, три зоны для досуга и отдыха окружан, множество футбольных полей, а также детских и спортивных площадок. В нашем окружном парке отдыха одной из первых появилась скейт-борд площадка, на тот момент это было новшество для нашей Алматы, а в этом году построен памп-трэк и роледром, также один из первых. Сейчас идёт подготовка к открытию детского центра творчества и я рад, что и в нашей пятилетке детишки не будут обделенны вниманием. Всей душой и сердцем я хочу доказать, что наш округ - это не окраина мегаполиса, а тот самый старый и родной центр. Я рад, что Аким нашего города и Аким нашего района всячески оказывают поддержку в развитии нашего округа поддержке наших окружан. Вместе - мы сила!

0
0
448

Активность молодёжи всегда являлась одной из движущих сил политического процесса.

#NurOtan #Elbasy #JasOtan

Активность молодёжи всегда являлась одной из движущих сил политического процесса. Особенно важна эта энергичность и инициативность в наше время. Ведь мы живём в стремительно меняющемся мире, где привычный для многих уклад жизни безвозвратно остался в прошлом.

Елбасы, Лидер партии «Nur Otan» Нурсултан Назарбаев на Съезде «Jas Otan»

0
0
145

«Путь перемен: Достойную жизнь каждому»

#BIZBIRGEMIZ

«Путь перемен: Достойную жизнь каждому»

Уважаемые однопартийцы, единомышленники, как сказал Глава государства Касым-Жомарт Токаев: «Партия Nur Otan – это партия конкретных дел, основанных на здравом смысле. На нас лежит огромная ответственность за безопасное будущее Казахстана». Я, как патриот своей страны призываю вас 10 января 2021 года сделать свой правильный выбор! Ведь наша сила в единстве!

ГОЛОСУЙ за NUR OTAN!

0
0
188

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КАНДИДАТЫ ТӨЛЕБИ АУДАНЫН АРАЛАДЫ

«Nur Otan» партиясы атынан Төлеби аудандық мәслихатына үміткер, праймериз қатысушысы Дәурен Әуесбекұлы Тұрдалиев Төлеби ауданы, Бірінші мамыр елдімекенінде «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғындармен кездесті. Ондағы мақсат – ауыл халқына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттап, алдағы 5 жылда жүзеге асатын жоба-жоспарларды түсіндіру болатын.

Ең алдымен Дәурен Әуесбекұлы Бірінші мамыр ауылының тұрғыны, 70 жастағы зейнеткер, партия ардагері Ақберді ақсақалдың отбасына атбасын бұрды. Қария өмірінің 30 жылын мемлекеттік қызметке арнаған сыйлы кісі. Бүгінде ауыл тұрғындарын ынтымақ-бірлікке шақырып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып келеді. Ақылгөй ақсақал алдағы сайлау науқанының сәтті өтуіне тілектестігін білдіріп, үміткерлерге ақ батасын берді.

«Бүгінде ауыл халқының жағдайы өте жақсы. Бұрындары мұндай аста-төк дастархан болмайтын. Халық қара нан мен қара шайға зар болған күндер аз болған жоқ. Міне, тәуелсіздігімізді алып, егемен ел болғанның арқасында мемлекетіміз күн санап дамып, халықтың да тұрмыс жағдайы жақсарып келеді. Бұл алдымен Елбасымыз, партия төрағасы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқасы саясатының арқасы. Сондықтан мен ауыл тұрғындарын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге барынша шақырған болар едім. Ендеше, алдағы саяси бәйгеде партиямыз ең көп дауыс жинап, аламанның алдынан келеді деген үмітіміз бар», — деді ақсақал.

Кездесу барысында үміткерлер денсаулық сақтау, кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығы саласының өркендеуі, ауыз су, газдандыру, жол салу бағытындағы алдағы 5 жылда атқарылар сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын да тілге тиек етті.

« Төлеби ауданының потенциалы өте мол. Әсіресе, қысқы және жазғы туризмді дамытуға өте қолайлы. Алдағы жылдары партияның бастамасымен Қасқасу тау шатқалынан тау шаңғы демалыс аймағы салынғалы отыр. Бұдан бөлек, ауданымызда ауыл шаруашылығын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, шағын және орта бизнес өкілдерін сүйемелдеу секілді сан-салада қыруар жұмыстар атқарылмақ. Ендеше баршаңызды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын», — деді Дәурен Әуесбекұлы.

Мұнан соң Дәурен Тұрдалиев Қаратөбе ауыл округі, Қаратөбе ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар елдімекеннің дамуы, спорт алаңшаларын салу, үйірмелер ашу, ауыл шаруашылығын субсидиялау, ауыл ішілік жолдардың сапасын жақсарту сынды өз ұсыныс-тілектерін жеткізді. Өз кезегінде Дәурен Әуесбекұлы алдағы саяси науқанда билік партиясына барынша қолдау білдіріп, жерлестерін бірауыздан дауыс беруге шақырды.

2
0
191