ЖАСТАРҒА МҮМКІНДІК МОЛ
Кездесу барысында үміткерлер жастарға қолжетімді жобалар мен «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасы шеңберінде жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді арттыру мақсатында қолға алынған бағдарламалардың мақсаты мен міндеттері түсіндірілді. Жастармен өткен кездесуде белсенді жастар үміткерлерге кәсіпкерлікті дамыту, білім саласы, ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына қатысты сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды. Сонымен қатар кездесуде үміткерлер партияның осы уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері мен алдағы уақыттағы атқарылатын жұмыстарын тілге тиек етіп, жастарды партияны қолдауға шақырды.
Казталов ауданында 6500-ден астам жастар бар. Жалпы есеппен алғанда халықтың 23 пайызын құрайды. «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасында көрсетілген жеті бағыттың бірі - «Жастарға арналған аудан» бағыты. Бұл бағыттың басты мақсаты – 2025 жылға қарай мемлекеттік органдармен бірге ауылдық жерлерге жастарды тарту және оларды жұмыспен қамтуды, олардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруы және әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау.
«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы
