Новое
Елбасы, Лидер партии «Nur Otan» Нурсултан Назарбаев на Съезде «Jas Otan»
«NUR OTAN» ЖОСПАРЫ: САРЫАҒАШТА 520 ШАҚЫРЫМДЫҚ КАНАЛ ТОЛЫҚ БЕТОНДАЛАДЫ
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық сайлауалды штаб төрағасы Бейсен Тәжібаев Сарыағаш ауданына арнайы сапармен болып, штаб отырысын өткізді.
Сарыағаш аудандық штаб төрағасы Құдрет Қыстаубаев штабтың атқарып отырған жұмыстарын баяндап берді. Бүгінде Сарыағаш ауданы бойынша «Nur Otan» партиясы атынан 54 үміткер бар. Оның 10-ы, 44-і аудандық мәслихатқа үміткер және 60 белсенді бүгінде орталық аппарат және облыстан келген жаднамаларға сәйкес жұмыс атқаруда. Сондай-ақ үміткерлердің жұмыс барысын бақылау мақсатында штабтан қосымша мамандар бекітілген. Штаб жұмысымен танысқан Бейсен Дәулетұлы үгіт-насихат жұмыстарын ширата түсу керектігін ескертті.
Мұнан соң Бейсен Дәулетұлы Сарыағаш қаласының төбе биі Рахымберді Оспановтың шаңырағында болып, келелі әңгіме өрбітті. Бүгінде Рахымберді Оспанов зейнеткер, «Сарыағаш ауданының құрметті азаматы», Сарыағаш қаласының Төбе биі, аудандық ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, Қазақстан Республикасының оқу ісінің үздігі. «Ауданның ардақты ардагері» төс белгісінің иегері. Аудандық ата-аналар кеңесінің төрағасы. Әңгіме барысында бас партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттар мен жоба –жоспарлар сз болды. З кезегінде Раымберді ақасақал 10 аңтар күні өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беретінін айтып, ақ тілегін жаудырды.
Облысты сайлауалды штабы Сарыағаш қаласындағы «Лидер НК» ЖШС-де болып, партияның Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. 2007 жылы құрылған кәсіпорында бүгінде 120 адам жұмыс істейді. Жылына 60 тонна жеміс-көкөніс өнімдері өндіріледі. Жобаның жалпы құны 200 млн. теңге. Жер көлемі 4,5 гектарды құрайды. Мұндағы өнімдер еліміздің барлы аймақтарына таратылады.
Серіктестік ызметкерлерімен жолықан Бейсен Дәулетұлы алдағы 5 жылда Сарыағаш ауданында атқарылатын ауқымды жұмыстарға кеңінен тоқталды.
«Алдағы 5 жылда Сарыағашта ауыл шаруашылығы салаcында 40 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Сонымен қатар ауданда 1 алқаптан 2-3 рет өнім алу жобасын қолға алынатын болады. 2021 жылы 29 шақырым келетін 4 каналды күрделі жөндеуден, 2022 жылы 153 шақырымды құрайтын 2 каналды күрделі және ағымдағы жөндеуден, 2023 жылы 253,4 шақырым келетін 2 каналды күрделі жөндеуден өткізуге күш салынады», - деді Бейсен Дәулетұлы.
Жылыжай көлемі бойынша облысымызда көш басында тұрған аудан үшін ағын су ауадай қажет. Осы ретте алдағы 5 жылда 520 шақырымды құрайтын батпақ ұлтанды каналдар толығымен бетондалатын болады. Бұл өз кезегінде ағын судың тежелуін тоқтатып, Өзбекстан елінен келетін суды толыққанды ысырапсыз пайдалануға сеп болмақ.
Кедесу соңында облыстық штаб төрағасы кәсіпорын жұмысшыларын 10 қаңтар күнгі сайлауға бір кісідей атсалысып, бас партияға дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз!
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
1 декабря 1991 года в Казахстане состоялись первые всенародные президентские выборы.
А уже 10 декабря 1991 года Нурсултан Назарбаев, получивший поддержку 98,76 процентов избирателей, принес присягу и вступил в должность Президента Казахстана.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕТЕКШІ ҒАЛЫМДАРЫ "БОЗЖЫРА" ШАТҚАЛЫНДАҒЫ ТУРИСТІК НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
Ақтауда Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев, сонымен қатар ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұловамен кездесті.
Прием граждан в режиме онлайн
Провёл приём граждан в онлайн формате кандидат в депутаты городского маслихата Шабарова С.С.
СТРОИТЕЛЬСТВО ТУРИСТИЧЕСКОГО ОБЪЕКТА В УРОЧИЩЕ «БОЗЖИРА» ОБСУДИЛИ ВЕДУЩИЕ УЧЕНЫЕ КАЗАХСТАНА
ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: МӘЖІЛІС ҮМІТКЕРІ МАҚТААРАЛДЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Құдайберген Ержан бүгін Мақтаарал ауданында болды. «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес кандидат Бірлік ауылдық округінде болып, тұрғындармен кездесті. Партияның бастамасымен қолға алынып, жүзеге асқан бірқатар бағдарламалардың нәтижелерін айтып, алдағы 5 жылда атқарылуы тиіс жұмыстардың жоспарларымен таныстырды. Сайлауалды бағдарламадағы 7 басымдықтың негізгі мақсаттарына тоқталды. Тұрғындармен еркін форматта әңгіме жүргізіп, сұрақтарына жауап берді. Ауылдар мен елді мекендерді көркейту, ауыл шаруашылығын дамыту, кәсіпкерлікті көтеріп, әлеуметтік салаға басымдық беру мәселелерді айтқан ауыл тұрғындарының ұсыныстарын жазып алып, жауапты сала мамандарымен тиісті жұмыстар жүргізетінін айтты.
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ, ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АУДАНДЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫ
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ, ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АУДАНДЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕЛЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ.