ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: МӘЖІЛІС ҮМІТКЕРІ МАҚТААРАЛДЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Құдайберген Ержан бүгін Мақтаарал ауданында болды. «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес кандидат Бірлік ауылдық округінде болып, тұрғындармен кездесті. Партияның бастамасымен қолға алынып, жүзеге асқан бірқатар бағдарламалардың нәтижелерін айтып, алдағы 5 жылда атқарылуы тиіс жұмыстардың жоспарларымен таныстырды. Сайлауалды бағдарламадағы 7 басымдықтың негізгі мақсаттарына тоқталды. Тұрғындармен еркін форматта әңгіме жүргізіп, сұрақтарына жауап берді. Ауылдар мен елді мекендерді көркейту, ауыл шаруашылығын дамыту, кәсіпкерлікті көтеріп, әлеуметтік салаға басымдық беру мәселелерді айтқан ауыл тұрғындарының ұсыныстарын жазып алып, жауапты сала мамандарымен тиісті жұмыстар жүргізетінін айтты.
