Партийный мониторинг по вопросам трудоустройства и занятости лиц с ограниченными возможностями
"Nur Otan" партиясының Семей қалалық филиалы "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту мәселелері бойынша партиялық мониторинг барысында "Шығыс қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ-де болды. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ директорының орынбасары Жүнісов Қайрат Дәулетқазыұлы аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша 2020 жылға мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін мемлекеттік квота 182 адамды құрайтынын айтты. 1 желтоқсанға 124 адам жұмысқа орналастырылды. Бағдарламаны іске асыруға қаланың 26 кәсіпорнымен шарт жасалды. 🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️ Семейский городской филиал партии "Nur Otan" в ходе партийн…