Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Бүгін 25 желтоқсан күні сағат 10.00-12.00 аралығында «Nur Otan» партиясы Күршім аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде штаб мүшесі Өлмесеков Бақытхан Фазылұлы азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Қоғамдық қабылдау барысында азаматтарды өтініштері тыңдалып, сұрақтарға жауап берілді.

Қабылдау барысында Шанағатты ауылының тұрғыны Омарғазинов Елдос Шанағатты ауылындағы жолдардың қарын күреп, жолдарын жөнделсе және Ақсартова Гүлбарам ауылдық кітапханалар компьютерлермен жабдықталса, Сарыөлең ауылының тұрғыны Кегенбаева Гүлбахрам Күршім-Сарыөлең аралығында маршут автобус жүрсе деп сұрақ қойса, Әбілтаева Айгерім Ақжайлау ауылындағы жолдар жөнделіп, Бірлік ауылының тұрғыны Қалдешов Асылбек ауыл ішіне ауыз су тартылса деген өтініштерін білдірді.

0
0
106

Еще по теме

ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ - Yvision.kz