Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Сартбаев Ералы Мақұлбекұлы "Адал" және "Хашим" шаруа қожалығының жұмысшыларымен экспромт-кездесуін өткізді. Үміткер кездесу барысында партияның Сайлауалды бағдарламасымен, оның ішіндегі 7 дамудың басымдықтарымен таныстырып өтті. Бұл шаруа қожалықтар мал бордақылау кәсібімен айналысып келеді. "Адал" ШҚ 2017 жылы Сакиев Асқар Жақсыбекұлының төрағалығымен құрылған. Сыйымдылығы 3000 басты құрайтын мал бордақылау алаңы бар және жалпы ШҚ 8,65 га жерді алып жатыр. 2017-2020 жж аралығында 1850 бас ірі қара мал бордақылаудан өтіп, сатылымға жіберілген. Қазіргі таңда мал бордақылау алаңында 100 бас ірі қара баптап бағылуда. Аталмыш кәсіпкерлік нысан 9 адам жұмыспен қамтып отыр. Оларды бірі, шаруа қожалық меңгерушісі, екіншісі мал дәрігері, тракторист, м…