ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ҰЖЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІМЕН ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Сартбаев Ералы Мақұлбекұлы "Адал" және "Хашим" шаруа қожалығының жұмысшыларымен экспромт-кездесуін өткізді. Үміткер кездесу барысында партияның Сайлауалды бағдарламасымен, оның ішіндегі 7 дамудың басымдықтарымен таныстырып өтті. Бұл шаруа қожалықтар мал бордақылау кәсібімен айналысып келеді. "Адал" ШҚ 2017 жылы Сакиев Асқар Жақсыбекұлының төрағалығымен құрылған. Сыйымдылығы 3000 басты құрайтын мал бордақылау алаңы бар және жалпы ШҚ 8,65 га жерді алып жатыр. 2017-2020 жж аралығында 1850 бас ірі қара мал бордақылаудан өтіп, сатылымға жіберілген. Қазіргі таңда мал бордақылау алаңында 100 бас ірі қара баптап бағылуда. Аталмыш кәсіпкерлік нысан 9 адам жұмыспен қамтып отыр. Оларды бірі, шаруа қожалық меңгерушісі, екіншісі мал дәрігері, тракторист, малшылар. Оларға арнайы жататын жатақхана орнымен қамтамасыз етіліп отыр. Бұл кәсіптегі ет өнімдері өзіміздің ауданның сайдаугерлеріне, орталық базарларға сатылуда. Бұл шаруа қожалықтан бөлек, үміткер «Хашим» ШҚ ұжымымен кездесу өткізді. «Хашим» ШҚ 2016 жылы құрылған. Шаруа қожалық мал бордақылау кәсібімен айналысады. 100 бас қара малды, 100 бас жылқыны 5 айда семіртіп, ет саудасына өткізеді. Әр 5 айдың ішінде осы 200 басты ірі қара малды өткізіп отырды. Ірі қара малдар Ресейден және Солтүстік Қазақстаннан алынады. Қара малдың түрлері ақбас және сигментал, ангус ет бағытындағы бұқалар. Бұл шаруа қожалықта 6 адам жұмыс істеуде. Агитациялық кездесудегі барлық шаруа қожалық ұжымының мүшелері бірауыздан "Nur Otan" партиясын қолдау, дауыс беретіндіктерін алға тартты.
