БЕЙНЕУ АУДАНЫНДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Бейнеу ауданы – тоғыз жолдың торабы. Аудан арқылы көптеген бағыттарға темір жол, автокөлік жолымен жүк тасылып, жолаушылар сапар шегеді.Осы орайда "Nur Otan" партиясы ауданға жаңа темір жол салу, сауда нүктелерін, жанар жағармай құю бекеттерін көптеп орналастыруды көздеп отыр. Бұл әрине жол үстінде жүрген жандарға жақсы септігін тигізбек.Партияның аудан үшін жасайтын барлық жұмыстарын таныстыру мақсатында аудандық сайлауалды штаб мүшелері, кандидаттар, сенімді өкілдері мен ерікті жастар тұрғындармен кездесулер, онлайн байланыстар, акциялар ұйымдастырып келеді. Үгіт-насихат науқаны ауданда қарқынды жүргізілуде. Күніге бірнеше шара өткізіліп отыр. Бірқатарына тоқталып өтсек.Аудандық мәслихат депутатына үміткерлер Нұрлыбай Ауданбаев пен Ардақ Бораш Сыңғырлау ауылына жол бастап, сондағы халық…