Түпқараған аудандық сайлауалды штаб мүшелері мен облыстық мәслихат депутатына үміткер Наурызбек Мағдатов Сайын Шапағатов ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.Кездесуге көп балалы аналар, әйел азаматшалар қатысты.Аудандық сайлауалды штаб басшысы Светлана Жолдасова «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты республикалық және аудандық сайлауалды бағдарламаны таныстырды. С.Жолдасова: «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасын негізге ала отырып, әр облыс, қала, аудандар өзінің сайлауалды бағдарламасын әзірлеген болатын. Осыған сәйкес, біздің ауданның да сайлауалды бағдарламасы жасақталды, ол 2021-2025 жылдарға арналған. Дамудың жеті басымдығын қарастырған. Олар: экономикалық тұрақты аудан, жайлы аудан, әлеуметтік бағытталған аудан, жастарға арналған аудан,…