ӘБІШ ТУҒАН АУЫЛДА
Әбіш ағамыздың атын иеленген қызыл мектептің мәжіліс залында Мәжіліске үміткер Оспан Қазақбаевпен және үміткер Еділ Жаңбыршиннің сенімді өкілі Ықылас Көшербаймен бірге ауыл тұрғындарымен кездестік.Ондының биылғы басты мәселесі - малдың жағдайы болып отыр. Қыс қыса жөнелгенде ауыл халқының өрістегі азын-аулақ малы қолға қарап қалды. Шөп қоры таусылып, енді қорадағы малдың өзі ашыға бастады.Осы ауылдың азаматы Жәнібек Қожық ағамыз азғана уақытқа келіп кетті. Ол кісі де сол малдың жайын сөз етті. "Келінберді мен Қызылкерегенің аңғарында жылқының өлімтігіне сүрінесің. Титықтаған кәрі бие мен жас жабағы жусап жатыр. Мына Ақтөбе облысында шөптің үлкен рулоны 3500 ₸ екен. Оны мында әкеліп 15 000 теңгеге бағалап жатыр. Осы Маңғыстауда мұнай компаниясы көп. Солар әрқайсысы екі машинадан берсе, тас…

