Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ӘБІШ ТУҒАН АУЫЛДА

Әбіш ағамыздың атын иеленген қызыл мектептің мәжіліс залында Мәжіліске үміткер Оспан Қазақбаевпен және үміткер Еділ Жаңбыршиннің сенімді өкілі Ықылас Көшербаймен бірге ауыл тұрғындарымен кездестік.

Ондының биылғы басты мәселесі - малдың жағдайы болып отыр. Қыс қыса жөнелгенде ауыл халқының өрістегі азын-аулақ малы қолға қарап қалды. Шөп қоры таусылып, енді қорадағы малдың өзі ашыға бастады.

Осы ауылдың азаматы Жәнібек Қожық ағамыз азғана уақытқа келіп кетті. Ол кісі де сол малдың жайын сөз етті. "Келінберді мен Қызылкерегенің аңғарында жылқының өлімтігіне сүрінесің. Титықтаған кәрі бие мен жас жабағы жусап жатыр. Мына Ақтөбе облысында шөптің үлкен рулоны 3500 ₸ екен. Оны мында әкеліп 15 000 теңгеге бағалап жатыр. Осы Маңғыстауда мұнай компаниясы көп. Солар әрқайсысы екі машинадан берсе, тасымалын ұйымдастырса, Ұштаған мен Ондының халқына көп көмек болар еді." деді ағамыз.

Дәуітбаев Шапиық есімді азамат та ауылға жанашыр, елшіл жігіт екен. Жұмыссыздық мәселесін айтты. "Ауылда отыз-қырық жас жігіт жүр. Білімі бар, басы бар. Жұмыс жоқ" деді.

Спорт зал мәселесін де осы азамат көтерді. Ал, бұл мәселеніNur Otan партиясы күні бұрын ойластырып қойған. Яғни, партия бағдарламасында "2025 жылы бұл ауылда спорт зал салынуы керек" деп жазылған.

Шапиықтың айтқан тағы мәселесі - газ. "Ондыда газ құю бекеті бар, бірақ, газдың өзі жоқ. Ең болмаса, айына 15 мың текшеметр газ берілсе мәселе шешілер еді" деді азамат.

Ондының мәселелерін тыңдап, халықтың ұсыныс-пікірлерін жазып алдық.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

#NurOtan

#Сапарбаян

#СаматМусабаев

#БізБіргеміз

#ЖеңіскеБіргеЖетеміз

0
0
133

Еще по теме

ӘБІШ ТУҒАН АУЫЛДА - Yvision.kz